Білім • 29 Шілде, 2025
Зияткерлік бәйгенің жеңімпаздары
Қазір әлемде халықаралық деңгейдегі беделді 7 олимпиада бар. Олар математика, физика, химия, информатика, география, лингвистика, биология пәндерінен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады. Өткен аптада озат оқушыларымыз осы білім бәйгелерінде топ жарып, ел мерейін асқақтатты.
Аймақтар • 29 Шілде, 2025
Жамбылдағы мұраны Жапонияда зерттейді
Жапон ғалымдары Жамбыл жеріне ат басын бұрып, археологиялық қазбаға кірісті. Еліміздің белгілі академиктерімен бірлесе жұмыс істеуге бекінген олар Бүйрекбастау-Бұлақ тұрағын зерттеуге ниеттеніп отыр екен. Біздің заманымызға дейінгі 16 мың жыл бұрынғы тарихты аршуға бел буған ғалымдар зерделеу жұмысын тұрақтың топырақ қабатын зерттеуден бастамақ.
Зерде • 29 Шілде, 2025
1969 жыл. ҚазМУ-дың журналистика факультетіне оқуға түскен сол бір күз әлі көз алдымда. Сонда біздің курсымызда қарағандылық қыз-жігіттердің қарасы өте көп болды. Олар Әбусаттар Тұрғанбеков, Аманжол Қанафин, Жүрсін Ерманов, Тілеуғабыл Байтұрсынов, Самат Жүнісов, Сәулебек Жәмкенов, Клара Хамзина еді. Ойлап отырып таңғаламын, сол кездегі республика астанасындағы басқа ұлттың басымдығынан ба, жоқ әлде бұрыннан қанымызда бар қазақы қасиетімізден бе, әйтеуір алғаш танысқаннан бастап-ақ бәріміз бір-бірімізді жатырқамай өте ұйымшыл, ынтымақшыл болып кеттік. Жоғарыдағы жандардың көбі әскерге барып, одан қалса өндіріс пен шаруашылықта жұмыс істеп келіп оқуға түскен азаматтар-тын. Сондықтан олардың университетке мектеп қабырғасынан кейін бірден топ ете түскен біз секілді 12 оқушыға үйретері аз болған жоқ.
Шымкент • 29 Шілде, 2025
Мегаполис спорты көш басына шықты
2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласының спортшылары республикалық, халықаралық деңгейдегі бірқатар ірі жарыстарға қатысып, толағай табыстарға қол жеткізді. Қала спортшыларының жеңісі ел мерейін өсіріп, шымкенттік спорт мектебінің деңгейі жоғары екенін дәлелдеді.
Пікір • 29 Шілде, 2025
Әлеуметтік желілерде елімізден Германияға көшіп кеткен бір немістің бейнесөзі тарады. Онда ол екі елді салыстырыпты. «Қазақстанда банк қызметіне 2 минут уақыт кетеді, ал Германияда бұған 3 күніңді жұмсайсың. Сол сияқты ұялы телефон нөмірін де лезде сатып алып, қолдана беруге болады, ал бізде тапсырыс беріп, 7 күн күтесің», дейді. Бұған қоса тағы бірнеше қызмет түрін салыстырады. Бірақ жұрт мақтаған осы жедел қызметтерден халқымыз алаяқтарға жем болып отырған жоқ па?