Технология • 25 Шілде, 2025
Орман күзететін ақылды технология
Ормандарды енді қарапайым қорықшы емес, жасанды интеллект пен дрондар күзетеді. Елде ормандағы өртті ерте анықтайтын жаңа ақылды жүйе іске қосылды. Бұл жүйе түтінді алыстан байқап, нақты қай жерде өрт шыққанын автоматты түрде анықтайды және орталыққа бірден хабар береді. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
Шипажайға жолдама алудың тиімді тәртібі
Қазір санаторий, курортқа жолдама беру тәртібі электронды форматқа ауысқан. Цифрлық жүйеден хабары жоқ қала, ауылдың егде жастағы тұрғындары жолдама алу үшін түрлі мекемені жағалап, көмек сұрайды. Сөйтіп жүргенде жолдама түгесіледі. Есесіне, өтінішті бірінші болып үйден толтырғандардың бағы жанады. Сырқаттанбай тұрмайтын қариялар кейінгі жылдары осындай кедергіге кездесіп қалып жүр.
Инвестиция • 25 Шілде, 2025
Биыл алғашқы төрт айда Шымкент экономикасына 232,3 млрд теңге инвестиция тартылды. 2024 жылдың төрт айымен салыстырғанда инвестиция көлемі 60%-ға артқан. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев мәлімдеді.
Медицина • 25 Шілде, 2025
МӘМС-ке қатысты мәселе әлі де көп
Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерді ресми бекітіп, құжатқа қол қойды. Заңға енгізілген түзетулер медициналық қызметпен халықты барынша толық қамтуды қарастырады. Қазір елдің 83%-ы сақтандырылған. Алайда шамамен 3,3 миллион адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр.
«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025
Еліміздің барлық аймағында тұрғындар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бір кісідей қатысты. Қала, ауыл жұртшылығы, еңбек ұжымдары тонналап қоқыс шығарып, өзгелерге тазалық сақтаудың озық үлгісін көрсетті. Жаңа тұжырымдама шеңберінде былтыр және биылғы алты айда 874 экологиялық іс-шара өтті.