Экономика • 24 Шілде, 2025
Ақтөбе облысында 2024 жылы қазынаның 16,9 млрд теңгесі игерілмепті. Экономика басқармасының басшысы Нұржан Мақсаттың түсіндіруінше, республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бағыттау шотындағы қаржы жетіспеушілігіне байланысты 9,6 млрд теңге аударылмай қалған: «Ауыл аманаты» жобасының 8,6 млрд теңгесі мен жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған 912 млн теңге көлеміндегі бюджет несиесі түспеген. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміндегі арзан бағадағы қантты жеткізбекші болған жосықсыз мердігер 1,2 млрд теңгені иеленіп, өнімді әкелмеген. Игерілмеген соманың ішінде Ұлттық қордың 136 млн теңгесі, республикалық бюджеттің 15 млн теңгесі, Үкімет резервінің 417 млн теңгесі және жергілікті бюджеттің 6,7 млрд теңгесі бар. Республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан Ақтөбе облысына бөлінген нысаналы трансферттің 1,1 млрд теңгесі кері қайтарылыпты.
Шаруашылық • 24 Шілде, 2025
Аптап ыстығы апшыны қуыратын жаз мезгілі жетсе, жұрттың ағын судан айтарлықтай тарығатыны белгілі. Ебін тапқандар жол бойынан өзен суын өз алқабына бұрып алып, диқандардың шамына тиген кез де аз емес.
Қаржы • 24 Шілде, 2025
Банк секторында қаржы институттарының бірігу үдерісі белсенді жүріп жатыр. «ForteBank» таяуда «Home Credit Bank»-тің 100% акциясын сатып алды. Мұның алдында «Halyk Bank» «Қазкомды», «Банк Центр Кредит» «Альфа-Банкті» сатып алып, «Jusan» мен «АТФ Банк» біріккен. «Бәйтерек» холдингінің «Сбербанкті» сатып алып, кейін оны қатарлық қаржы ұйымына «ұзатып» салғаны да күні кеше. Сонда қаржы институттарының іріленуі неден хабар береді? Тағы қандай шағын банктер алпауыт қаржы мекемесінің құрамына кіруі мүмкін? Бұл туралы реттеуші нендей ұстанымда, сарапшылар қандай пікірде?
Қоғам • 24 Шілде, 2025
«Саламатты Қазақстан»: ауылға қолжетімді көмек
Еліміздің әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде жасақталған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қостанай облысының «Денисовка» стансасына келді.
Қоғам • 24 Шілде, 2025
Балалар қауіпсіздігі – мемлекеттің жіті назарында. Былтыр 16 маусымда күшіне енген «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заң осы бағыттағы маңызды шешімнің бірі болды. Заң қабылданғалы бері қоғамда зорлық-зомбылық пен қатыгездікке қарсы күрес жүйелі сипат ала бастады.