Талбесік • 24 Маусым, 2026
Алтайдың ұшар басын адам аяғы сирек басады. Сол үшін де жалама шыңдарда жортқан жануарлардың тіршілігін бақылау оңай емес. Алайда, заманауи технологияның көмегімен табиғаттың тынысын үнсіз бақылап жүрген Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері бұл жолы да ауыз толтырып айтатындай фото олжаға кенелді.
Фотогалерея • 18 Қараша, 2025
Берлинде Димаш Құдайбергенге арналған «JULDYZ» көрмесі ашылды
Димаш Құдайбергеннің Еуропадағы жеке концерттерімен қатар, 12-17 қараша аралығында «JULDYZ» көрмесі өтті. Экспозицияда суретші Punktgeläut әншінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін туындыларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 07 Қараша, 2025
Құстардың қимылын қалт жібермейді
Атырауда тұратын Филипп Цыплёнков бірнеше жылдан бері мұнай тасымалдайтын компанияда жұмыс істейді. Алайда табиғаттың әсем көрінісін, әсіресе құстарды суретке түсіргенді ұнатады.
Өнер • 06 Қараша, 2025
Ұлттық қолөнермен ұпайымыз түгенделеді
Жуырда Шымкентте «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының ұйымдастыруымен «Ер-тұрманым күмістен» атты республикалық шеберлік сағаты өтті. Онда еліміздің әр өңірінен жиналған қолөнер шеберлері ер шабу, былғарымен қаптау, күміспен өрнектеу, қамшы өру секілді ұлттық қолөнердің сан түрін көрсетті. Ер-тұрманның жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін түсіндірді. Қолөнершілер осы бұйымдарды көпшіліктің алдында жасап, шеберліктерін паш етті. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ер-тұрман жасау өнерін насихаттап, жаңғырту. Ең бастысы, келген қонақтар шеберлік сағатынан өздеріне пайдалы көп мағлұмат алды. Ұлттық қолөнер бұйымдарымен жақынырақ танысып, шеберлермен бетпе-бет тілдесті. Әсіресе жастардың қызығушылығы зор. Әрбір затты қолдарымен ұстап көріп, таңдана қарасты. Қолөнершілер ұсталық өнер жайында ой өрбітіп, қызықты әңгімелерін де айтты. Шеберлердің қолынан шыққан ең таңдаулы туындылардан арнайы көрме ұйымдастырылды.
Фотогалерея • 05 Қараша, 2025
Елорданы қардан тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Астанада қар тазалау жұмыстары күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылдың 5 қарашасына қараған түні коммуналдық қызметтер қала аумағынан шамамен 686 текше метр, яғни 60-қа жуық ауыр жүк көлігіне тең қар шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.