Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024
Елорда төрінде V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтіп жатыр. Дүбірлі дода барысында қалада этноауылдар жұмысын бастап, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Қыркүйек, 2024
Елорда төрін дүбірге бөлеген V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталғанын көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарға құшағын жайған «Көшпелілер әлемі» этноауыл да жұмысын бастады.
Өнер • 10 Қыркүйек, 2024
Орал қаласында заманауи «TaspaLab» студиясы ашылды. Оның ең үлкен аудиториясына қазақтың түңғыш фотографы Шәңгерей Бөкеевтің есімі берілген. Студияның негізін қалаушы – белгілі тележурналист, Ақпарат саласының үздігі Гүлназ Әлімгерей.
Фотогалерея • 09 Қыркүйек, 2024
Дүниежүзілік көшпелілер ойындары - Ұлы дала дүбірі (ФОТО)
Бүкіл әлем көз тіккен V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары күні кеше елордада бастау алды. Астана төрінде өтіп жатқан дүбірлі додаға 89 елден 2 430 қатысушы тіркелген. Оның ішінде жаттықтырушылар, спортшылар, мәдени және ғылыми жобаларға қатысатын ғалымдар, зерттеушілер де бар. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын асыға күткен оқырман назарына ойынның қызу әрі қызықты сәттерін ұсынамыз.
Экономика • 29 Маусым, 2024
Елордадағы №1 индустриялық парк өндіріс тізбегін құрып, мегаполис экономикасының мүмкіндіктерін ұлғайтуда үлкен мәнге ие болып тұр. Қазір мұнда орналасқан кәсіпорындар жеңілдетілген шарттармен қолдау алып, өндірістік қуатын арттыруға кіріскен. Таяуда Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов және қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастығы Халел Әкімжановпен бірге кәсіпкерлік нысандарға барып қайтудың сәті түсті.