Өнер • 10 Қыркүйек, 2024

Ерекше студия ашылды

227 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орал қаласында заманауи «TaspaLab» студиясы ашылды. Оның ең үлкен аудиториясына қазақтың түңғыш фотографы Шәңгерей Бөкеевтің есімі берілген. Студияның негізін қалаушы – белгілі тележурналист, Ақпарат саласының үздігі Гүлназ Әлімгерей.

Ерекше студия ашылды

Бір қызығы, «Tas­paLab» сту­­дия­сының табал­ды­рығын аттаған адам уа­қыт машинасына енгендей әсер алады. Өйткені мұнда ең алдымен суретке түсуге арналған түрлі та­қырыптық бұрыштар көз тартады. Мысалы, қоғалы көл жағасындағы табиғат мүйісі ме, дәстүрлі жасау­лы қазақтың киіз үйі ме, балаларға арналған ертегі бұрыш, жастарға арналған аспалы әткеншек пе – бәрі бар. Ал мына бөлме күні ке­шегі кеңестік үлгідегі үйдің көрінісі сияқты: ақ-қара теледидар, қабырғада ілінген фотопортреттер, аспалы сағат – біреуге балалық ша­ғына сағынышын оятса, енді бір адамға стандартты сұп-сұр кеңес тірлігін еске түсіріп, түрлі ой салып тұр. Жалпы, ғимараттың бас-аяғында осындай 13 түрлі фотозона бар екен.

уке

Идея авторлары «Жар­қын сәтіңді таспала!» деген сөзді жаңа студияның ұраны етіп алыпты. Бұл жерде желіге арналған подкаст немесе рилс түсіруге лайық алаңдар да жасақталған.

– Осындай студия ашу туралы идеяны ал­ғаш айтқан және дизайн жа­ғынан көмектескен – ба­ла кезден бері бірге келе жатқан құрбым Арай М­а­рат­қызына көп алғыс айтамын. Соңғы үш ай ішінде Ақтөбеден Оралға жеті мәрте келді. Шынымды айтсам, осы ғимараттың құрылыс жұмысы, жөндеуі тез аяқталғанымен, түрлі тақырыпқа сәндеу, әрлеу көп уақыт алды. Қазіргі қо­ғам сұранысын барынша толық қамтуға тырыстық, – дейді Гүлназ Әлімгерей.

ен

Жаңа студияда дыбыс жазу студиясы, жас­тар­ға ар­налған ойын бөл­месі, би студиясы, кәсіби ма­ман­дардың түрлі тақы­рыпқа шеберлік сабағын өткізетін заманауи аудитория да бар екен. Ең ғажабы – дәл осы ау­ди­торияға ақын, ағар­тушы Шәңгерей Бө­кеевтің есімі берілген.

ке

– Қазақ топырағындағы алғашқы фотоны 1841 жылы Ордада Жәңгір мектебі ашылған кезде ханның арнайы шақы­руымен келген фотограф түсірген екен. Содан арада 60 жыл өткенде осы Жәңгір ханның немересі Шәңгерей Бөкеев өзі фотоөнерге бет қояды. Өйткені 1901 жылы Бөкей ордасының құрылғанына 100 жыл толуына орай патша Шәңгерейге фотоаппарат сыйлаған еді. Бүгінде қазақтан шыққан тұңғыш фотограф – Шәңгерей Бөкеев деуіміздің мәнісі осы, – дейді оралдық өлкетанушы Айболат Қ­ұрымбаев.

Тележурналистика саласында 20 жылдан аса тәжірибесі бар Гүлназ Әлім­­герей осы жерде жас­тарды тілшіліктің қыр-сырына баулитын жеке ме­диаорталығын да ашатын ойы бар екенін айтады. Яғни мұнда келуші жастар актерлік шеберлік, камера алдында өзін-өзі ұстау, т.б. кәсіби маман кеңесін алмақ.

 

Батыс Қазақстан облысы