Өнер • 31 Желтоқсан, 2024
Суретшілер одағының мүшесі, өнертану ғылымдарының магистрі Асқат Әбдешев Орал қаласында тұрады. 40 жастан енді асқан суретші Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде көп жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келеді.
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
Газет тойы қарсаңында не нәрсеге мән бермедік. Зерделі оқырмандар өздері-ақ хабарласып, бас басылым туралы жазып жіберіп жатыр. Бұрынғы басшылардың жолдап жатқан жазбалары өз алдына. Басылымның арғы-бергі өмірі, атқарған қызметтері, әуелі газет бетінде көрініп барып шешімін тапқан мәселелерді хатқа түсіріп жіберген жанашыр елдің лебізін оқығанда, әрине, ұжымдағылардың мерейі өсіп қалады. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, бәрі-бәрі қамтылып жатқан сияқты. Түпсананың тұсбағдарын бір сілкіп қарасақ, бәрі жазылып жатқандай көрінгенімен, газет өндірісі, «Egemen Qazaqstan»-ның бүгінгі тыныс-тіршілігін, бейнелеп айтқанда, сіз көрмеген «от пен судың» ортасын ұмытып барады екенбіз-ау дестік.
Айбын • 29 Қазан, 2024
Әуе қалқаны: курсанттардың оқу-жаттығу базасынан репортаж
«Аға, тікұшаққа мінген қалай екен?» деді әскери жігіт жаныма жете бере әнтек жымиып. «Керемет, әсерімді сөзбен суреттеп жеткізе алмаймын» деп ақтарыла тіл қаттым. «Сіз айтқандай ылғи да керемет бола бермейді» деді кейіпкерім ауыр күрсініп. Жүзінде бағанағы жылт еткен күлкінің ізі де қалмапты. Оның орнын лезде мұң торлап алғанын сездім. Өзімнен мүшел жас кіші жігіттің ауыр күрсінгені аспанға қарай алып ұшқан көңілімді әп-сәтте жерге түсірді. «Аға, су тасқыны кезіндегі оқиғаларды көзіңізбен көрсеңіз ғой», деді үзілген әңгімесін жалғап.
Өнер • 24 Қазан, 2024
Жер – ана болса, Аспан – әке іспетті, бірін-бірі айналған егіз кеңістік арасы ендік пен бойлықтармен ұштасып жатса да, жер бетінің жұмбағы мен заңдылығы сонау зеңгір көктен басқарылатындай, адам баласы аспанды құдіретті санаған әдетінен әлі жаңылысқан жоқ. Күн сайын арайлап ататын таң мен кешке мұнартып бататын күннің мекені де көк аспан. Жиегі көрінбейтін шетсіз-шексіз аспанды періштелер көктеп жүреді деген сеніммен бала біткен көзі талғанша көкке қадалып, арманын аспанға қарап айтады. Аспан – еркін әлем, арман мен қиялды тоғыстырып, төңкеріліп түскен көк теңіз.
Мирас • 04 Қазан, 2024
Қазақтың бүркітші қыздары: Шетелдіктер үшеуін киноға түсірген
Құсбегілік қазақтың қанына сіңген ерекше қасиет екенін әлем 13 жастағы бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайып арқылы таныды. Көшпелілер өмірі режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntress» атты фильмі негізінде өркениет сахнасында қайта бір жаңғырды. Фильм 2015 жылы «Оскар» сыйлығына ұсынылса, ал 2018 жылы Айшолпан Нью-Йорк қаласында Азияның ең таңдаулы тұлғаларына табысталатын «Asia Game Changer» сыйлығын иеленді. Осылайша, көшпелілер өмірінің құндылығын Моңғолияда тұратын қазақтар қайта жандандырып, «бүркітші қыз» деген тіркесті жиі қолданатын күнге жеттік. Айшолпанға деген құрмет те артты.