Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Алматыдағы жекеменшік мектепте оқушы өзіне қол жұмсамақ болды
Алматыдағы беделді QSI жекеменшік мектебінде болған жағдайға байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тексеріс бастады. Өзіне қол жұмсауға әрекеттенген оқушы ауруханаға жеткізілді, ал полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 29 Қаңтар, 2026
«Ашық есік» күні: Ата-аналар әскердегі ұлдарының жағдайымен таныса алады
31 қаңтар күні еліміздегі Қарулы күштердің барлық әскер бөлімінде сарбаздардың туыстары мен жақындары үшін «Ашық есік» күні өткізіледі. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл күні ата-аналар ұлдарының қызмет жағдайын көзбен көріп, әскери қызметшілердің күнделікті тіршілігімен жақынырақ таныса алады, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 29 Қаңтар, 2026
90 млн транзакция: Біз неге онлайн сатып алуға тәуелді болып барамыз?
Кешегінің күйбеңі мен бүгінгінің бедері бір-біріне ұқсамайды. Кезінде «базар – байлық көзі» десек, бүгінде сол байлық көзі алақандағы смартфонға көшкен. «Strategy&» мен Цифрлық Қазақстан Қауымдастығының 2025 жылдың алғашқы алты айына жасаған бірлескен талдауы осыны айғақтайды. Еліміздің электронды коммерция нарығы іркіліссіз ілгерілеп келеді, бірақ бұл өсімнің өз ерекшелігі бар. Алты айдағы 90 млн транзакция – бұл жай ғана сандар шеруі емес, халықтың күнделікті тұрмыс салтының түбегейлі жаңғырғанын білдіретін құбылыс, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 29 Қаңтар, 2026
«Лукойл» шетелдегі активтерін америкалық Carlyle-ға сатады
«Лукойл» шетелдегі активтерін америкалық компанияға сататын болды. Бірақ Қазақстаннан кетпейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қаңтар, 2026
Президент Дархан Сатыбалдыға Алматының экологиялық жағдайын жақсартуды тапсырды
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.