Үкімет • 25 Наурыз, 2026
Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп пен энергетика, көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Наурыз, 2026
Ел мектептерінде 50-ден астам «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды
ТЖМ қызметкерлері еліміздің барлық өңірлерінде өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құтқарушы мамандығын насихаттау бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр. Қазіргі таңда 50-ден астам «Жас құтқарушы» сыныбы ашылып, онда шамамен 1 000 оқушы білім алып жүр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Наурыз, 2026
Атырау маңында батпақта қалған 12 жолаушы құтқарылды
Кеше кешкісін Атырау қаласындағы Бесікті ауылы маңында демалыс орындарының бірінің жанында 3 жеңіл автокөлік батпаққа батып, қозғала алмай қалған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2026
Солтүстік Қазақстан облысы тасқын суға дайын ба?
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бүгін облыстағы су тасқыны қаупі бар аумақтарға әуеден мониторинг жүргізіп, қазіргі гидрологиялық жағдайға баға берді. Көктемгі еріген қар сулары мен өзен деңгейінің өзгерісі сараланып, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Наурыз, 2026
Елордада республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Астанада 9-11 (12) сынып оқушылары арасында физика және биология пәндері бойынша өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталып, үздіктерге құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жеңімпаздарға алтын медаль табыстады, деп жазады Egemen.kz.