Қазақстан • 12 Тамыз, 2020
Қазақстанда 17 тамыздан бастап халықаралық рейстер іске қосылады
Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне, Беларусь Республикасына, Германияға, Нидерландыға, Египетке, Украинаға және Ресей Федерациясына халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылады. Бұл туралы Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Видео • 11 Тамыз, 2020
Беларусь: Президенттік сайлау аяқталды
Өткен жексенбіде Беларусьте президент сайлауы өтті. Осы елдің Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала мәліметке сүйенсек, қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80 пайыздан астам дауыс жинаған.
Саясат • 08 Тамыз, 2020
Қазақстан мен Түркия әуе қатынасты қалпына келтіру мәселесін талқылады
Кеше Анкара қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған ҚР делегациясы Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожамен кездесу өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Видео • 06 Тамыз, 2020
Ливандағы жарылыс кезінде камераға түсіп жатқан қалыңдықтың видеосы интернетте таралды
Естеріңізде болса, 2020 жылдың 4 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан жақын және бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттар қирап, көбі бүлінген. Олардың арасында Қазақстан елшілігінің ғимараты да бар. Осы оқиға кесірінен 5 мыңнан астам тұрғын жарақаттанған. Соңғы деректерге сенсек, жарылыстан 137 адам көз жұмды.
Видео • 06 Тамыз, 2020
Ханкөлдің аспанында «ұшқан адам»
«Осыдан он шақты күн бұрын, дәлірек айтқанда 23 шілде сағат 12:37 шамасында Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылының маңында тылсымға бергісіз оқиға болыпты», деп хабарлады оралдық әріптесіміз, өлкетанушы Нұртас Сафуллин.