Видео • 06 Тамыз, 2020

Ливандағы жарылыс кезінде камераға түсіп жатқан қалыңдықтың видеосы интернетте таралды

2420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Естеріңізде болса, 2020 жылдың 4 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан жақын және бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттар қирап, көбі бүлінген. Олардың арасында Қазақстан елшілігінің ғимараты да бар. Осы оқиға кесірінен 5 мыңнан астам тұрғын жарақаттанған.  Соңғы деректерге сенсек, жарылыстан 137 адам көз жұмды.

Ливандағы жарылыс кезінде камераға түсіп жатқан қалыңдықтың видеосы интернетте таралды

Оқиға орнынан түсірілген видеолар екі күннен бері интернет қолданушыларын дүрліктірді. Әсіресе, жарылыс болардан бірнеше минут бұрын ғана некелесіп, отбасылық видеоға түсіп жатқан қалыңдықтың бейнежазбасы кең таралды. Ақ көйлек киген көңілді ару камера алдында қылықты қалпында тұрған еді. Жүзіндегі күлкіден тыныштықтың, шексіз бақыттың табы байқалады. Кенет гүрс еткен дыбыс естілді. Абдырап қалған қалыңдық басын көтергені сол-ақ еді, жойқын соққы айналаның апыр-топырын шығарды. Жас-жұбайлар бұқпантайлап, жақын жердегі қонақ үйге қарай жүгіреді. Міне, осы бір көрініс оператордың камерасында сақталып қалған екен. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50