Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сіңген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енетініміз бар.
Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік
Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлемдік деңгейдегі қайраткерлік болмысына берілген баға деп пайымдаймыз.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2018
Қазақстан мен АҚШ: XXI ғасырдағы экономикалық әріптестік
2018 жылғы 16 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйде президент Дональд Трамппен кездесті. Сапар Қазақстан мен АҚШ арасындағы тығыз коммерциялық және сауда байланыстарын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және екі ел экономикасының өсімін арттыруға мүмкіндік береді. Президент Н.Назарбаев осы шаралар Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз жаһандық экономикасының қатарына кіруі үшін маңызды екенін атап өтті. Сапар барысында бірқатар коммерциялық келісім шарттар мен құжаттарға, оның ішінде «Boeing», «GE Transportation», «Эйр Астана», «Қазақстан темір жолы» және «Скат» компанияларының 2,5 миллиард АҚШ долларынан астам көлемде америкалық өнімдер мен қызметтерді сатып алу жөніндегі жаңа келісімдеріне қол қойылды.
Президент • 18 Қаңтар, 2018
Стратегиялық серіктестіктің соны серпіні
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарындағы ресми сапары аясында бірнеше жоғары деңгейлі кездесу өткізіп, екі ел арасындағы іскерлік, экономикалық байланыстарды талқылап, екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты. Елбасы «Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі корпорация» (OPIC) мемлекеттік агенттігінің президенті Рэй Уошбернмен және АҚШ-тың Энергетика министрі Рик Перримен кездесті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы АҚШ іскер топтары өкілдерімен кездесіп, Қазақстан мен Америка арасында орныққан қатынастардың маңыздылығына тоқталды.
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2018
Ресейде Әлия Молдағұловаға ескерткіш тақта орнатылды
Ресейдің Ярославль облысының Некрасов районындағы Вятское селосындағы мектептің қабырғасына Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға ескерткіш тақта орнатылды.