Қазақстан • 22 Қаңтар, 2019
Тоқсан жеті жастағы соғыс ардагері Алтынай Есболатованың есімі Жетісудың еңкейген қарты мен еңбектеген баласына дейін мәшһүр. Жерлестері ол кісіні «Паровоз апа» деп атайды.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2019
Әулиеаталықтар аламанда неге топ жармайды?
Бүгінде халықтың арасында айтыс өнері туралы пікір көп. Әрине кешегі Біржан мен Сараның, Сүйінбай мен Қатағанның, Жамбыл мен Құлманбеттің айтысы туралы сөз басқа. Олар бәрібір ұлттың ұлы өнері ретінде тарихтың биік тұғырында тұрған туындылар. Ал бүгінгі айтыс туралы көпшіліктің көңіл тоғайтар пікір айтатыны немесе айтыскерлердің аузынан шыға қалған сөзді сынайтыны да жетерлік.
Күрестен «Иван Ярыгин» турниріне Қазақстан атынан кімдер қатысады?
Еркін күрес пен әйелдер күресіндегі балуандар үшін жаңа маусымның алғашқы ресми жарысы басталады. 24-27 қаңтар күндері Красноярск қаласында дәстүрлі «Иван Ярыгин» турнирі отызыншы рет өтпек.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2019
Өткен жылы Қазақстанда аталып өткен Өзбекстан Республикасының жылы екі ел арасындағы ғасырлар бойы сақталған достық пен қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, жаңа деңгейге көтерді. Бауырлас халықтардың жақындығын тереңдетуге септігін тигізетін ауқымды шаралар әлі де жалғасын табуда. Түркістан облысында өткен өзбек киносы күндері сол игі істердің бірі.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2019
Жасына жетпей қартайған балдырғандар
Астаналық бір мектептегі 2-сыныптың үздік оқушысы «Сенің сүйікті әнің қандай?» деген сұраққа: «Астанада жоқ-жоқ» деп басталатын ән ұнайды», деп жауап жазыпты. Енді бірі «Аспанға қарап, жұлдызды санайды» екен. Соңғысы тіпті сорақы: «Чип-чип», дейді. Тілге тиек еткен үш әннің де түпкі мағынасы махаббат жайында, тоқетері, сүйгеніне арналған туындылар. Балалардың сүйікті әндері сүю туралы. Неге?