Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
Маңғыстау «Туған жер» бағдарламасы бойынша республикада алдыңғы орында
Былтыр 12 млрд 600 млн теңгенің жобасын жергілікті меценаттар жүзеге асырған. Бұл туралы «Қоғамдық Коммуникациялар Орталығында» өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған шараларды қорытуға арналған брифингте өңірлік жобалық офисінің басшысы Гүлайым Азан мәлім етті.
Абай • 23 Қаңтар, 2020
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жанында «Абайтану және ұлттық руханият» атты ғылыми - зерттеу орталығы құрылған. Оған абайтанушы, филалогия ғылымдарының докторы А.Ш.Пангереев жетекшілік жасайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты ғылыми- танымдық сипаттағы сүбелі мақаласы газетімізге жарияланғаннан кейін орталық қызметі жаңаша бір арнаға бет бұра бастағаны байқалады. Осыған орай, орталық жетекшісіне бірер сауал қойған едік.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
Маңғыстауда республикалық дәрежедегі ескерткіштерге экспедициялар ұйымдастырылады
Ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығы орай, «Фараби әлемі» атты ғылыми конференция, «Серікбол Қондыбайдың арғықазақ мифологиясын зерттеуде қолданған методологиясы мен логикалық тұрғыдан жобалау ерекшеліктері» атты монография, Бату хан негізін қалаған Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай Атырау облысында, Маңғыстау өңірінде жатқан республикалық дәрежедегі «Шопан ата», «Қараман ата» ескерткішінде ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте белгілі болды.
Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020
Елордада I ауысымдағы оқушылар мен 1-2 курс колледж студенттеріне сабақ болмайды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мен Ақмола облысындағы мектептерде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы хабарлады.
Саясат • 23 Қаңтар, 2020
Жауапкершілікке тарту ұсынылды
Nur Otan партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру барысының көңіл көншітпейтіні туралы қорытындыға келді.