Құқық • 21 Қаңтар, 2024
Бұлғын аулаған да жазадан бұлтармайды
Шығыс Қазақстан орманды, таулы өңір болғандықтан, жортқан аң, ұшқан құсқа бай. Балығы тайдай тулаған өзен-көлдері де аз емес. Алайда, заңсыз аңшылық құрып, бей-берекет ағаш жығатын, су айдындарына ау тастайтын қаскөйлердің де аяғы тыйылмай тұр. Облыс полиция қызметкерлері 2023 жылы 1300-ден астам табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісін анықтаған екен.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2024
Шымкентте өткен жылдың кейінгі 4 айында сотқа ажырасу жөнінде 1128 талап-арыз түссе, оның 304-і бойынша шешім шығарылған. Бұл жөнінде мегаполистің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Мырзахан Тиметов айтып берді.
Ұстаз • 21 Қаңтар, 2024
Ұлтқа қызмет қылу қарекетпен өлшенеді. Қарағанды қаласындағы №95 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Біржан Балтабайұлының осы бір игі ісіне көпшілік сүйсініп отыр.
Білім • 21 Қаңтар, 2024
Ақмола облысы Аршалы ауданының Ж.Тәшенов атындағы орта мектебінің оқушылары өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдарын сатып, табыс тауып отыр. Оларды мұндай пайдалы еңбекке аталған мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ беретін Алмагүл Бейсенбаева баулып келеді.
Жемқорлық • 21 Қаңтар, 2024
Қоғам дертімен күрес тоқтамайды
Қоғамның жегі құртына айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғаса береді. Бұл мәселеге мемлекеттік мекемелер де, азаматтарымыз да бейжай қарамауға тиіс. Осы орайда жемқорлыққа қарсы күрес Солтүстік Қазақстанда жүйелі жүргізіле бастады.