Қоғам • 21 Қаңтар, 2025
Басты мақсат – жұмысшы мәртебесін көтеру
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысы өтті. Республикалық және өңірлік деңгейдегі іс-шаралар жоспары қаралды.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2025
Астық терминалы қайта іске қосылды
Жыл басында Бейнеу астық терминалы екінші рет ашылды. Алғаш іске қосылған 2010 жылдары атағы да, астығы да алысқа кетіп, кебегімен төңіректегі мал тойынған терминал 16 гектар жерге орналасып, аумағында астық өңдеу цехы және жем өндіру бойынша автоматтандырылған цехтар мен элеватор жұмыс істеген еді.
Үкімет • 21 Қаңтар, 2025
Депутаттар кездесулері қорытындыланды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтті. Онда сенаторлар 23 қаңтарда болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті. Сондай-ақ депутаттардың желтоқсан, қаңтар айларында ұйымдастырылған өңірлерге сапарлары кезіндегі жергілікті тұрғындармен кездесулері қорытындыланды.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2025
Жол саласын дамытудағы жаңа платформа
Мемлекет басшысы Жолдауда жол саласы мәселелеріне тоқталып, бұл бағытта инновациялық тәсілдерді енгізудің маңызды екенін атап өтті. Жақында Көлік министрлігі Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасының қанатқақты нұсқасын іске қосты. Платформа жолдарды жобалау мен салу тәсілдерін жаңғыртуға бағытталған.
Қаржы • 21 Қаңтар, 2025
Ұлттық қор: меже мен мүмкіндік
Ұлттық қор – ел болашағының қаржылық іргетасы. Былтыр сәуірде Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы жариялап, сол уақытқа дейін Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға жеткізу мақсатын көздеген болатын. Сол межеге жетуге бес-ақ жыл қалды, ал бүгінгі ахуалдан мұндай биікке көтерілу жолы бұлыңғыр көрінеді.