Қоғам • 21 Қаңтар, 2025
Тарихи тұлғалар қорымы қамқорлыққа зәру
Тарихи тұлғаның зиратының өзі елге қорған болатынын қазаққа түсіндірудің қажеті жоқ. Бірақ тарихи тұлғаларымыздың зираттарын сақтай алмадық. Сүйектері әр елде қалды. Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің сүйегі Алматы іргесіндегі Жаңалық ауылындағы құпия қорымда жатса, Тұрар, Сұлтанбек, Нәзірдің сүйегі Мәскеудегі НКВД-ның арнайы нысаны саналған «Коммунаркада» жасырын жерленгені мәлім.
Тәрбие • 21 Қаңтар, 2025
Бала тәрбиесі – баршаға ортақ жауапкершілік
Қызылордада әр жыл басында ұрпақ тәрбиесіне қатысты жиын өткізіп, ел ақсақалдарының, құқық қорғау саласы мамандарының, мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың қатысуымен осы төңіректегі мәселелерді талқыға салу дәстүрге айналып келеді. Қаладағы Өнер орталығында өткен биылғы форум «Саналы ұрпақ – болашақ кепілі» деп аталып, оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Бас прокуратура өкілі Жасұлан Даулембаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, жауапты сала басшылары қатысты.
Қаржы • 21 Қаңтар, 2025
Ең төменгі жалақы: есептеу тәсілі
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі жалақы мөлшері өзгерді. Жаңа мөлшерлер «2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңмен бекітілді.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2025
Іле ауданы – өңірдегі экономикалық әлеуеті өте жоғары ауданның бірі. Ірі бизнес орталықтары шоғырланған әрі мегаполиске жақын аймаққа ойдан-қырдан көшіп келіп, қоныстанушылар көп. Сондықтан да қордаланған әлеуметтік мәселелер жеткілікті. Солардың бірлі-жарымын назарға алсақ, аудан орталығында бұрын-соңды болмаған мәдениет үйінің іргесі қаланғанымен, құрылысы төртінші жыл тұралап тұр. Мұндағы облыстық емдеу мекемесінің жай-күйі де мәз емес.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2025
«Яндекс Go» мүгедек жандарға қолжетімді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету жөніндегі қанатқақты жобаны қолға алғалы біраз уақыт болды. Өткен жылы Астана, Алматы қалаларында қызметтің осы түрі 207,2 мың мәрте көрсетілді.