Білім • 22 Қаңтар, 2019
Мұғалімдер зейнет демалысына ерте шыққаны жөн
«Ұстаздық – ұлы қызмет» деген нақыл сөзге мән беріп көрсек, мұғалімдіктің жауапкершілігі жоғары, қоғамда үлкен салмағы бар жұмыс екенін көреміз. Соған қарай бұл қызметтің өлшемі мен бағасы да лайықты болуы керек.
Білім • 22 Қаңтар, 2019
Ұстаздар коммуналдық қолдаумен қамтылса...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау туралы шегелеп айтылды. Президент оның себебін де көрсетіп берді.
Аударма • 22 Қаңтар, 2019
Масаларда болатын Рифт-Валли безгегі жүктілік кезінде аналардың жатырына орасан зиян келтіруі ықтимал. Мұндай нәтижені соңғы жүргізілген зерттеудің нәтижесі көрсетіп отыр.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2019
Жыл басынан бері А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында әзірленген Емле ережесін ғылыми орта мен жаппай көпшіліктің талқысына салған, түзету, толықтыру, стандарттау жұмыстарын атқарған Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Жаңа ереженің алғашқы жобасын көпшілік назарына ұсынды. Кешеге дейін еліміздің түкпір-түкпіріне насихатталған Емле жобасынан қалың көпшілік құлағдар болды. 14 қазан күні өткен жалпыхалықтық диктантта жұртшылық өз тілінің жаңа жазуымен бетпе-бет «ұшырасты». Жазу реформасының мәнін түсінді.
Білім • 22 Қаңтар, 2019
Жастар ұстаздыққа ықыласты емес
«Педагог мәртебесі туралы» заңының қабылданатынын педагогтар қауымы қуанышпен қарсы алды. Менің ойымша, мұғалім мәртебесі дегеніміз – қоғамның, жұртшылықтың мұғалімге деген көзқарасы, ілтипаты, пікірі. Сондай-ақ мұғалім мәртебесі – Үкіметтің мұғалімге жасап жатқан әлеуметтік, моральдық, материалдық жағдайын жақсарту бағытындағы қамқорлығы арқылы да қалыптасады. Егер, мұғалім жан-жақты қамтылған болса, қоғамның да, жұртшылық қауымның да көзқарасы өзгереді, яғни, мәртебесі артады. Қазіргі кезде мұғалім мәртебесі сәл де болса әлсірегендей ме, қалай?! Оған себеп не? Оған бірінші себеп, мұғалім еңбекақысының аздығы, жан-жақты материалдық толыққанды қамтылмауы.