Қоғам • 22 Қаңтар, 2019
Бүгінге дейін қызылша ауруының асқынуы әлемнің көптеген елінде тіркелген. Соның ішінде Үндістанда қызылшаның асқынуы 70 мыңнан аса адамға жеткен. Украинада 38 мыңнан астам адам қызылшамен ауырып жатса, Қытайда 29 мыңнан астам, көршілес Қырғызстанда 1238, Ресейде 4185 адам қызылша жұқтырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, қызылшадан 68 өлім жағдайы тіркелген. Қызылшамен сырқаттанудың өсуін аталған ұйым қызылшаға қарсы вакцинацияның аз қамтылуымен байланыстырады.
Медицина • 22 Қаңтар, 2019
Кеңсе қызметкерлерінің саулығын кім ойлайды?
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп тегін айтпаса керек. Сондықтан да халқымыз денсаулықты бірінші байлық деп есептеген. Исламда «денсаулық – Алла тағаланың адам баласына берген аманаты» деп түсіндіріліп, оны қолда барда қадірі жоқ нығметке жатқызады. Бүгінде дәрігерлер қимылсыз қызметтің жүрек және қан тамыры аурулары, семіздік, белсіздік пен бедеулік, сусамыр (қант диабеті) сияқты т.б. көптеген дерттің көбеюіне себеп болып отырғанын, сондай-ақ барлық ауру түрлерінің жасарып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Денсаулығымызды күнкөрістің көлеңкесінде қалдырмай, аманатқа қиянат жасамау үшін біз не істей аламыз?
Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?
Білім • 22 Қаңтар, 2019
Ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына төрт рет тапсырады
Ұлттық бірыңғай тестілеу десе кез келген оқушының жүзінен үміт пен күдіктің шарпылысып жататынын байқауға болады. Екі түрлі сезімнің етегінен ұстаған талапкер ертеңіне елеңдеп, алдағы күніне алаңдап отыратыны айқын. Махаббатың ауған мамандығыңа жету жолында машақаттардың кездеспей қалуы мүмкін емес. Мектеп қабырғасынан қанаттанып шыққанда, үміт пен күдіктің күркесін жамылып алдыңнан қарсы алатын – Ұлттық бірыңғай тестілеу екені белгілі. Оқушының бабы мен бағы қатар сыналатын бәйгеде біреуінің аты алға шығып, енді бірінің тұлпары тұралап қалып жатады. Ұпайдан ұтылғандардың ұнжырғасы түспеуіне назар аударған Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына төрт мәрте тапсыруға мүмкіндік беріп отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының мәліметіне сүйенсек 2004 жылы енгізілген тестілеуге 2004-2018 жылдар аралығында 1 миллион 775 мың мектеп түлектері қатысқан. Осы ретте өткен аптада елімізде қысқы тестілеу ұйымдастырылған болатын.
Экономика • 22 Қаңтар, 2019
Бюджет жобалары артық шығынды көтермейді
Бюджет қаржысының әр теңгесі тиімді жұмсалса, басы артық шығынға жол берілмесе, жергілікті бюджеттердің бүйірі қабыса қоймасы кәміл. Істі осылайша жүргізудің жолдары мен тәсілдері де бар.