«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп тегін айтпаса керек. Сондықтан да халқымыз денсаулықты бірінші байлық деп есептеген. Исламда «денсаулық – Алла тағаланың адам баласына берген аманаты» деп түсіндіріліп, оны қолда барда қадірі жоқ нығметке жатқызады. Бүгінде дәрігерлер қимылсыз қызметтің жүрек және қан тамыры аурулары, семіздік, белсіздік пен бедеулік, сусамыр (қант диабеті) сияқты т.б. көптеген дерттің көбеюіне себеп болып отырғанын, сондай-ақ барлық ауру түрлерінің жасарып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Денсаулығымызды күнкөрістің көлеңкесінде қалдырмай, аманатқа қиянат жасамау үшін біз не істей аламыз?

Дәрігерлер болса соңғы уақытта жүрек-қан тамыры ауруларының, қант диабетінің, семіздіктің және белсіздік пен бедеуліктің көбеюін дене шынықтырмаумен байланыстырады. Психологтар да күні бойы қозғалыссыз қызмет ету адамның жүйке жүйесін және қан айналымын әлсіретіп, мидың қызметін нашарлататынын айтады. Ғылыми зерттеулерді алға тартқан психологтар адам екі сағат сайын қозғалыста болып, түсте 15 минут мызғып алғаны дұрыс дейді. Әйтпегенде адам бойына жаман энергиялар жиналып, торығуға тез тап болады екен. Бұл өзгелермен қарым-қатынасқа да кері әсерін тигізетін көрінеді.
Темекі тартатын орын бар, велотұрақ жоқ
Қытайда мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне сабақтан соң екі сағат сыныпта отырып көз гимнастикасын және алаңға шығып радио гимнастикасын жасау міндеттелген. Олар бұл қатаң тәртіпті қыста да, жазда да орындауы тиіс. Бұған қоса миллиардтар елі түскі үзіліске кемінде 2 сағат уақыт бөлген. Осы уақыт ішінде олар түстеніп те, ұйықтап та үлгерулері керек. Қытай тарихындағы үздік 10 дәрігердің бірі болған Хуа Тоның жазбасында: «сағат 11:00-13:00 аралығы, жүрекке қуат жеткізілетін уақыт, бұл мезетте ұйықтауға мұрша болмаса, 15 минут жайланып отырып, көзді жұмып жүйкені тыныштандырсаңыз, жүрек қуатыңыз толық болмақ» деген кеңес айтқан. Бұл Сингапурда да қалыптасқан. Сондай-ақ түскі ұйқы Жапония мен АҚШ компаниялары қызметкерлері үшін де тәжірибеден өткізілуде. Испания мен Латын Америкасы елдерінде «сиеста» (түскі үзіліс) деген түсінік бар. Яғни олар күннің ең ыстық уақытында жарты күн демалады.
Астана тұрғыны, аудармашы Ернат Қашқынов елімізде кеңсе қызметкерлерінің спортпен айналысуына ешқандай жағдай қарастырылмағанын айтып қынжылады. Ол Астана сияқты мегаполистерде арнайы спорт залдарына бару қаржы мен уақыт жағынан тиімсіз екенін айтады. «Кеңсе қызметкерлерінің жұмыс орнын тастамай спортпен айналысуына жағдай жасау – қазіргі заманауи менеджменттің жаңа бағыты. Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларда спорт кешендеріне бару қымбат және жол кептелісін қосқанда көп уақыт алады. Сондықтан бизнес орталықтарында кішігірім спорт залдарын көптеп ашу өзін-өзі ақтайды деп ойлаймын. Өз басым жұмыста екі сағат сайын үзбей жаттығу жасап отырамын. Бес жылдан бері жұмысқа велосипедпен барып-келіп жүрмін. Әр ғимаратта темекі тартуға арналған залдар мен орындар бар. Әсіресе банктерге барғанда велотұрақ таппай қиналамын. Осы кемшілікті көргенде көңілің қалады», дейді әуесқой велошабандоз Е.Қашқынов.
Кеңселерге орнатуға болатын спорттық жабдықтардың ішінде үстел теннисі сұранысқа ие екені белгілі. Бұл қол-көз координациясын жақсартып, ақыл-ойды сергітеді. Концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады. Ойлау шапшаңдығын арттырып, мидың қызметін арттырады. Осы сияқты ұлттық ойындарды да жаттығу залдарына қосатын кез келген сияқты. Осы ойды қолдайтын Е.Қашқынов асықты залда ойнауға бағыттау керек екенін айтады. «Спорт залдарын ашқан кезде ұлттық спортты да ескерген жөн. Мысалы, асық ойынын заманға лайықтап, модернизация жасауға болады. Оның да үстел теннисі сияқты көзге, буынға өте жақсы әсері бар», дейді ол.
Денсаулықты күту – өз қолыңызда
Психолог Кәмшат Бекжігітованың пікірі қандай жағдай болмасын денсаулықты сақтау адамның өзіне ғана байланысты дегенге саяды. «2 сағат сайын қимыл-қозғалыстың болуы мидың белсенді жұмыс істеуіне және істеп отырған ісіңізге тың идеялардың келуіне көп көмегін тигізеді. Қозғалыссыз еңбек адамның психологиясынан бөлек, физиологиясына да кері әсерін бермек. Бірақ кез келген жерде қарастырылған жағдайды іздеудің керегі жоқ. Ең алдымен адам өз өзіне мүмкіндік жасауы тиіс. Отырған жерде жасай беруге болатын 30 секундтық жаттығулар болады. Сондықтан денсаулықты күту де өзіміздің жауапкершілігімізге байланысты», дейді.
Қазақстанда жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульттен зардап шегеді. Ал халықтың 70 пайызында қан қысымы жоғары екен. Бүгінде осының барлығына саламатты өмір салтын сақтамау себеп болып жатқанын жеткізген дәрігерлер ұзақ уақыт қозғалмай жұмыс істегенде күш омыртқаға көбірек түсетінін айтады. Сол себептен де жасы да, жасамысы мойын, арқа, бел омыртқасының түрлі ауруынан зардап шегуде.
Астанада Абай Баймағамбетовтің қазақ гимнастикасы «Айкүнені» дәріптеп, оған иоганың элементтерін қосып студия ашқан Мерей Анас соңғы уақытта омыртқа ауруларына жастар да жиі шалдығып жатқанын айтады. «Денсаулық сақтаудың құпиясы – қозғалыс. Тек сыртқы бұлшық еттер ғана емес, іш құрылыс дұрыс жұмыс істеуі үшін ішкі ұсақ бұлшық еттер де қозғалуы керек. Оны біз арнайы жаттығулар арқылы шынықтырып, қалпына келтіреміз. Адамның денсаулығын омыртқаның жай-күйіне қарап айтуға болады деген сөз бар. Өкініштісі, соңғы уақытта омыртқаның қисаюы (сколиоз), шеміршектің өсуі (грыжа), остеохондрозбен ауыратын кісілер көбейіп барады», дейді «Arqadem» студиясының басшысы, бас нұсқаушы М.Анас.
Заңмен реттелуі керек
Ұжымда дене шынықтыруға арналған орындарды ашу үшін Еңбек кодексі бойынша жұмыс беруші мен жұмыскердің қандай келісімге келуі керектігін білу мақсатында Қазақстан кәсіподақтар федерациясына хабарластық. Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі, Астана қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Тастанбек Есентай қызметкерлер үшін игілікті істің басталғалы жатқанын айтып қуантты.
«Бұқаралық спортты дамытуға арналған іс-шараларға қарапайым халықтан гөрі, кәсіби спортшылар көп қатысып жүр. Елімізде жылына 55 млрд теңге ауру себебімен уақытша жұмысқа жарамсыз парағын ашқызған кісілерге кетеді. Неге біз осы миллиардтаған ақшаны ауырмайтын жол іздеуге жұмсамаймыз? Біз осы олқылықтың орнын толтырып, спартакиадамен ғана шектелмей, кез келген ұжымда әрбір қызметкердің спортпен айналысуына жағдай жасау үшін 2018 жылы 26 желтоқсанда кәсіподақтар федерациясының жанынан Спорттық сауықтыру қоғамын аштық. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасына және Халықаралық еңбек ұйымының ережесіне сай бағдарлама жасап, саламатты жұмыс орнын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Жақында «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-мен келістік. Онда 700-дей адам жұмыс істейді. Олардың кәсіподақтар жиналысына қатысып, ұжымға көрсеттік. Барлығы қолдап отыр», деген Тастанбек Құтжанұлы жұмыстың тәртібін былайша түсіндірді.
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында әрбір жұмыс беруші өзінің жұмыскерлерінің және оның отбасының спортпен айналысуына жағдай жасауға болады деп көрсеткен. Бұрын бұл міндетті еді. Біз енді спортпен айналысуды өндірістік кеңес арқылы ашпақпыз. Еңбек кодексінің 203-бабында ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті құрудың ережесі көрсетілген. Соған сай жарғыларымызды жасадық. Әр ұжымға сауалнама жүргізіп, спорттың түрі анықталады. Сұранысқа сай спорттық секциялар ашылады. Спорттық секциялардың ашылуы сол ұжымның мүмкіндігіне байланысты. База болмаған жағдайда біз қаланың ішіндегі барлық спорт кешендерімен меморандумға отырамыз да, сол жұмыскерлерге кәсіподақтар тарапынан жеңілдік жасап, спорт кешендеріне баруына мүмкіндік жасаймыз. Спорттық секцияларға қатысқысы келмейтін кісілерді аптасына бір рет балық аулауға, тауға шығуға ұйымдастыру да кәсіподақтың жұмысына жатады. Шахта сияқты орындарда ауыр жұмыс жұмыскерлердің жағдайы да қарастырылады. Яғни оларға оңалту орындарын ашу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек өндірістік гимнастикамен күнделікті айналысу ұсынылады. Гимнастиканы жүргізетін нұсқаушыны да дайындаймыз және олардың деңгейін көтеру де біздің мойнымызда. Сондай-ақ спорттық жарыстарды жиі ұйымдастырылатын болады», деп сендірді кәсіподақ өкілі.
Майгүл СҰЛТАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы
Президент • Бүгін, 12:34
Құрманғазы оркестрі Бейжіңде өткен Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Мемлекетке тән емес қызметтер жайы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 12:22
Туберкулез дерті екі сағатта анықталады
Медицина • Бүгін, 12:20
Шайбалы хоккей: «Барыс» «Авангардты» ұтты
Хоккей • Бүгін, 12:13
Жаңаөзенде барлық сала мамандары ашық есік күнінде кеңес берді
Аймақтар • Бүгін, 12:11
Ауыр атлеттер Катарға аттанады
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:08
Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Қазақстан • Бүгін, 12:01
Аймақтар • Бүгін, 11:49
«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беруде
Қазақстан • Бүгін, 11:46
Аймақтар • Бүгін, 11:41
Шайбалы хоккей: Даррен Диц «Жұлдыздар матчында» ойнайды
Хоккей • Бүгін, 11:35
Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға 2020 жылдың көктемінде көшеді
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Кеңесте жастар мәселесі талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Кен алыбында қайғылы оқиға болды
Аймақтар • Бүгін, 10:58
Рудный қаласында 12 күн бойы жоғалған бала көрші ауылдан табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:53
Нұрлан Ноғаев: «Жемқорлықпен күрестің ең нәтижелі құралдарының бірі – цифрландыру»
Аймақтар • Бүгін, 10:41
Шымкент 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы эстафетасын қабылдап алды
Қазақстан • Бүгін, 10:37
Күрес • Бүгін, 10:23
Алматыда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға төмен пайызбен несие беріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:16
Киелі жерлерге саяхат сабағы өтті
Аймақтар • Бүгін, 10:13
«Қарапайым заттар экономикасы» елорданың бизнесін қалай дамытып жатыр
Қоғам • Бүгін, 10:03
Қостанайда журналистер арналған семинар-тренинг өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:58
Руханият • Бүгін, 09:45
Алматыдағы бокс кешінде үш легионер күш сынасады
Бокс • Бүгін, 09:36
Алматыда «Құрбан болған тұлғалар» атты көрме ашылды
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Қазақ үшін Желтоқсан жылдың басы...
Қазақстан • Бүгін, 09:21
Асқар Мамин жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды
Үкімет • Бүгін, 09:02
Ұлттық спорт үздіктері анықталды
• Бүгін, 07:50
Студенттер жатақханасы: төлемақы құны көңілге қонымды ма?
Қоғам • Бүгін, 07:44
Руханият • Бүгін, 07:41
Несие алып, несібесін арттырған отбасы
Қоғам • Бүгін, 07:39
Армениямен ынтымақтастық дамиды
Парламент • Бүгін, 07:37
Жолдаудың тиімділігі арттырылуы тиіс
Президент • Бүгін, 07:34
Қоғам • Бүгін, 07:33
Руханият • Бүгін, 07:23
Қоғам • Бүгін, 07:18
Балама энергетикаға басымдық беріледі
Экономика • Бүгін, 07:15
Қоғам • Бүгін, 07:13
Жазушылар одағының мерейлі белесі
Әдебиет • Бүгін, 07:11
Темір жолды жағалап топ бала жүр
Аймақтар • Бүгін, 07:08
Президент • Бүгін, 07:04
Әулиекөлде екі бүлдіршін тілсіз жаудың құрбаны болды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мәжілісте жаңа жәрдемақы жайы талқыланды
Парламент • Кеше
Қарағандыда энергетикалық форум өтіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Отбасында теңдік болмай, қоғамда теңдік болмас
Қоғам • Кеше
Жүзу: Дмитрий Баландин күміс медаль иеленді
Спорт • Кеше
Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Каратэ: Жерлестеріміз үш алтын алды
Спорт • Кеше
Қарағандыда «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы анықталды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар