Руханият • 23 Қаңтар, 2020
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы түйсігі бар кез келген адамды терең ойландыратын, тек ойландырып қана қоймай, тәрбие, тағылым беретін, өте салмақты, терең жазылған рухани бағыттағы бағдарламалық мақала. Бұл жай ғана мақала емес, бұл еліміздің, ұлтымыздың тағдыры, келешегі туралы Мемлекет басшысының терең толғанысы. Қ.Тоқаев Абай шығармаларымен терең танысып, зерттеп, талдап, ойшыл бабамыздың айтқан өсиеттерін өте түсінікті тілде оқырмандарға жеткізіп, қоғамымыздың алға дамуына, рухани жаңғыруына тиімді пайдалана білу жолдарын көрсетті.
Руханият • 23 Қаңтар, 2020
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары... айтыс лап етіп тұтанды да, жарқ етіп жанып шыққан ақындар шықты. Кеңес кезінде тоқырап қалған бұл өнер тәуелсіздік жылдары төскейден сарқырап аққан бұлақтай тулады. Мәнері бөлек, сарыны тосын, келбеті ерек ақындар туды. Соның бірі, халық арасында «хайлайлым» атанып кеткен жетісулық Айтақын Бұлғақов.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
Жас ұрпақты көркем әдебиеттің көмегімен тәрбиелеу қиын түйінге айналғалы қашан. Таяуда Бурабай ауданында болғанымызда «Досым оқыған кітап» деп аталатын жаңа жобаның жай-жапсарымен танысып, оңтайлысы осы екен дестік.
Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020
«Алма-Атадан» Алматыға 65 жылдан кейін әйгілі «Дон Паскуале» операсы қайта оралды
Араға 65 жылға жуық уақыт салып Гаэтано Доницеттидің әйгілі туындыларының бірі «Дон Паскуале» қазақ сахнасына қайта оралды. Бұл жолғы қойылымның артықшылығы сонда, аталған операда сахнадағы 3D эффектілер, театралдық заманауи технологиялар ғана қолданып қоймайды, операдағы қазақ әншілерінің интеллектуалдық әлеуетіне салтанат құрғызған премьера болып тұр.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2020
Көпке топырақ шашқымыз жоқ, бірақ қоғам қайраткерлері ретінде аталып жүрген мақтаулы мұғалімдер арасында аракідік болса да аттарына кір келтіріп жүргендер кездеседі. Алқалы жиында қаржы полициясы мен прокуратура қызметкерлері сыбайлас жемқорлық көбіне білім ошақтарында кездесетінін жасырмайды. Тіпті, Елбасының өзі бірде мектепке еден жуушы қабылдайтын болса, одан пара дәмететін директорлар бар екенін атап көрсетіп, бұған жол беруге болмайтынын қатаң ескертті. Бәлкім, бұған қоғамның әр саласындағы ат тізгінін ұстаған игі жақсылардың да үлесі бар шығар. Өйткені олар мұғалімді баласы мектеппен қоштасар кезде немесе немересі бастауыш сыныпқа барарда ғана еске түсіреді. Міне, қоғамнан осылай бөлектеніп қалғандықтан ба, мектеп оқшаулана берді. Тіпті, ондағы тіршілікті бағамдау мен байыптаудан қалғандаймыз. Неге? Оның бірқатар себеп-салдары бар.