Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020

«Алма-Атадан» Алматыға 65 жылдан кейін әйгілі «Дон Паскуале» операсы қайта оралды

226 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Араға 65 жылға жуық уақыт салып Гаэтано Доницеттидің әйгілі туындыларының бірі «Дон Паскуале» қазақ сахнасына қайта оралды. Бұл жолғы қойылымның артықшылығы сонда, аталған операда сахнадағы 3D эффектілер, театралдық заманауи технологиялар ғана қолданып қоймайды, операдағы қазақ әншілерінің интеллектуалдық әлеуетіне салтанат құрғызған премьера болып тұр.

«Алма-Атадан» Алматыға 65 жылдан кейін әйгілі «Дон Паскуале» операсы қайта оралды

Абай атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық опе­ра және балет театрының 86 маусымының жаңа премьерасына айналған операны бұл жолы италиялық режиссер, сценограф, костюмдер жөніндегі дизайнер Маттео Маццони сахналады.

Бүгінгі таңда «Дон Пас­куале» әлемдегі ең танымал италиялық жиырма операның біреуі және жыл сайын 150 елдің театрында қойылады.

Осы арада оқырман үшін де, көрерменге де қызықты дерек­терді айта кетуге болады. «Дон Паскуале» Доницет­тидің ең соңғы операсы деп есептелінеді. Шындығына кел­­­сек, Гаэтано Доницетти аталған операдан кейін де үш бірдей опера жазған. Алай­да ол қойылымдардың бар­лығы қазір сахнада жоқ. Сон­дықтан да «Дон Пас­куале» До­ницеттидің соңғы шы­ғармасы болып қала бермек. «Дон Паскуале» та­ны­малдылығы жағынан До­ницеттидің «Ма­хаббат сусыны» мен «Лючии ди Лам­мермур» туындыларынан кейінгі орында тұр.

Өз кезегінде италиялық режиссер, сценограф, кос­тюм­дер бойынша дизайнер Маттео Маццоне: «Дон Пас­куале» ма­ған Алматы қала­сымен және оның тамаша театрымен танысуға мүм­кіндік туғызды. Менің бұрын да Қазақстанға жолым түскен болатын. Ал­маты осындағы бүкіл ұлттың мәдени астанасы екен­дігі жайлы жиі естуші едім. Қазір Алматының неге олай есептелетінін жете тү­сіне­мін. Мен ғажайып талант­­тардың, космополит адам­дардың ортасына тап болдым. Қазақстандық актер­лардың еңбекқорлығына таң­ғал­дым. Тіпті өздерін аямай жұмыс істейді. Ұйықтамаса да дайындықта жүреді. Ізде­німпаздықтан бөлек, қазақ жас­тары өте білімді екен. Ағыл­шын тілін жақсы біледі. Және өздерінің мәдени болмысы мен ежелден келе жатқан дәстүрлерін де сақ­тап қалған. Бұл театрдағы жұмысым мен үшін аса тартымды тәжірибе болды. Мәселен, бұл жерде суретші өзін еркіндікпен толық көрсете алады. Ол өзін еститінін біледі және түсі­не­ді», дейді.

Италиялық режиссердің артықшылығы сонда, ол сах­налық костюмдердің қыр-сырын меңгерген маман ғана емес, актерлік шеберлік бо­йынша мықты ұстаз. Ал бұл біздің қазақтың опера әнші­леріне италян тілінде сах­наға шыққан «үш бөлімді драма-буффаны» нәшіне кел­тіріп орындауға ғана емес, актерлық тұрғыда да шебер­ліктерін шыңдай түсуге сеп­тесіп отыр.

Маттео Маццони бұл операны бүкіл тарихқа өткен ға­сырлардағы әйелдерді азат ету символы ретінде Нори­наның көзімен қарау деп тү­сіндіреді. Осы арқылы бү­гін­гі көрермен 1800 және 1950 жылдар аралығына саяхат шегіп, бүгінгі 2020 – яғни, заманауи Италияның сән-салтанатына ортақтасады.

Жаңа қойылым италия­лық атмосфера мен стильді қамти отырып, күрделі сце­нографиялық сюжетті құ­райтын көптеген спец-эффек­тілер мен «уақыттан уақытқа ауысатын» қозғалыстарға да ие. Заманауи технологиялар опера әлемімен үйлестіріліп, танымал суретші Лука Ати­лидің бейне проекциялармен толықтырылған.

– Үш ғасырға кезегімен ауысып отыратын уақытқа саяхат идеясын біз костюмдердің дизайнерлік шешімдерінде, әртүрлі дәуірдің сәніне сәйкес материалдар мен өрнектері арқылы жүзеге асырдық. Мұның бәрі «Дон Паскуале» операсының ажарын ашып, әсерін жандандырады, – дейді Маттео Маццоне.

Осы арада түсінікті болуы үшін айта кетелік, «Дон Паскуале» операсы қазақ сахнасына 1955 жылы шығып, 2 жылдан кейін репертуардан түсіп қалған.

Ал бүгінгі көрермен бі­рінші рет театр тарихында спектакльдің бутафорлық ше­­шімдеріне ризашылықпен қол соққанын көрдік. Сах­нада алғаш рет зәулім үй тұр­ғызылып, қойылымның бар­лық әрекеті сән-салтанаты ке­­ліскен үйде өрбиді. Опе­ра­ның басты кейіпкері Дон Пас­куале кейінгі ХХ ғасыр­дағы 50 жылдардың рухын сез­діру үшін сахнаға VESPA мо­педімен шыққанын да кө­ре­міз.

Бұл опера ешқашан өзек­тілігін жоймайтын қу дүние, ақша, байлық, әйел азаттығы жайында болмақ. Түбінде арманы мен махаббатына қатар қол жеткізетін Норинаның рөлін сопрано дауысты солис­тер Зарина Алтынбаева мен Анастасия Кожухаровалар орындайды.

Операның өне бойында көрермендер Норинаның сәт сайын әйелдік дәменсіздігінен қуат алып, ғасырлармен бірге өзгергеніне куә болмақ.

Операда «бельканто» деген термин бар. Мұны біздің дәстүрлі әншілердің тілімен айт­қанда нәшіне келтіріп орын­­дау, яғни даусың жетсе орын­дайсың.

«Дон Паскуале» – Абай атын­­дағы опера және балет театры әншілерінің шамасын сынайтын спектакль.

Доницеттидің өзі «үш бө­лім­ді драма-буффа» деп ата­ған операсында көрермен­дер бас кейіпкерлер – қарт Дон Паскуалемен (Таир Тәжі, Ильяс Артағалиев), оның жас жиені Эрнестомен (Да­мир Садвакасов, Артур Габ­диев), айлакер дәрігер Малатес­тамен (Эмиль Сакавов, Олег Та­тамиров) және Норина сұлу­мен (Зарина Алтынбаева, Анас­­тасия Кожухарова) кез­деседі.

«Дон Паскуале» опера­сы­ның премьерасы Алматы «Ал­ма-Ата» болып тұрған со­нау 1955 жылы театрда екі жыл сахналанып, қайта жаңар­тылмаған.

Осылайша сан жылдардан кейін Гаэтано Доницеттидің ең жақсы операларының бірі Абай атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасына қайта оралды.

 

АЛМАТЫ