Өнер • 26 Қаңтар, 2021
Бағдат Әбілханов: Адамзаттың ортақ құндылығына айналған аспап
– Страдивари мен Гварнеридің ескі және қымбат музыкалық аспаптарында өнер көрсететін музыкант Қазақстанда саусақпен санарлық қана екен. Бұл скрипкалар несімен құнды? – Халық сеніміне ие болған сондай музыканттар қатарында әйгілі италиялық шебер Джозеф Гварнеридің қолынан 1685 жылы шыққан аспаппен өнер көрсетіп жүргеніме қуаныштымын. Қазіргі уақытта мұндай скрипканың құны 17-18 миллион еуроға бағаланады. Оның нақты құндылығы ғаламат дыбысы мен тембрінде, ешқашан ескірмейтінінде. Технология дамыған қазіргі заманның өзінде адамзат баласы неше түрлі машинаны, компьютерді ойлап тапқанымен, керемет реставраторлар болғанмен, дәл мұндай аспаптарды, сапалы дыбысты жасау әсте мүмкін емес. Менің қолымдағы көне скрипка Қазақстанға өткен ғасырдың 60-шы жылдары Ресейден келгені белгілі. Қазіргі уақытта ол бірегей аспаптардың мемлекеттік коллекциясына енген және «Астана Операда» арнайы сейфте сақтаулы.
Оқиға • 26 Қаңтар, 2021
Бүгін – әлемдегі ең атақты хоккейшілердің бірі әрі бірегейі Уэйн Гретцкидің туған күні. Ұзақ жылдар бойы теңдессіз өнерімен төрткүл дүниенің жанкүйерлерін тамсандырған ойыншы 60 жасқа келіп отыр.
Медицина • 26 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшылары да шет қалған жоқ
Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, COVID-19-ға қарсы вакциналау қазір әлемнің 50-ден астам елінде жүргізіліп жатыр. Алғашқылардың қатарында ел азаматтарына үлгі көрсетіп, екпе алып жатқан көшбасшылардың ішінде вакцинаны екінші рет алушы да тіркелді.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2021
Бүкіл әлемнің берекетін алған бәлекет індеттің беті қайтар түрі жоқ. Бейдауа дертке қарсы тұрар қуатты «қару» – вакцина ғана. Бүгінде дүние жүзінде Covid-19 індетіне қарсы түрлі вакцина әзірленіп, оның ішінен әбден сыналып, тиімділігін көрсеткендері бар. Соның бірі – Ресейде шығарылған «Спутник V» вакцинасы биыл 1 ақпаннан бастап Қазақстанда азаматтарға егіле бастайды. Бұл ретте бұрыннан бері екпеге қатысты екіұдай пікірдегі бұқара арасында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау қызу талқылануда.
Медицина • 26 Қаңтар, 2021
QazCovid-in сәуірде дайын болады
Коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in белсенділігі жойылған (инактивтелген) вакцинасы – Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру аясында әзірлеген өнімі. Аталған екпе клиникалық сынақтың бірінші және екінші кезеңінен сәтті өтті.