Медицина • 26 Қаңтар, 2021

Qaz­Covid-in сәуірде дайын болады

131 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Коронавирусқа қарсы қазақ­стандық Qaz­Covid-in белсенділігі жойылған (инактивтелген) вак­цинасы – Білім және ғы­лым минис­тр­лігіне қарасты Био­логиялық қауіпсіздік проб­лемалары ғылы­ми-зерттеу инс­титутының бағдар­ламалы-мақ­сатты қаржыландыру аясында әзір­леген өнімі. Аталған екпе кли­никалық сынақтың бі­рінші және екінші кезеңінен сәт­ті өтті.

Qaz­Covid-in сәуірде дайын болады

Осы екі кезеңнің нәти­жесі бойынша вак­цина өзі­нің им­муногендігін және тиімді­лі­гін көрсетті. Егер ек­пенің иммун­­но­­гендігін сөз етсек, онда оның қауіп­­сіздігі жөнінде де айтып отыр­­ғанымыз анық. Бұл – тұты­ну­шы үшін ең басты көңіл аударатын мәселе.

Клиникалық зерттеудің ал­ғашқы кезеңін­де 44 еріктіге екпе егілді. Ал екінші кезеңде 200 волонтер отандық екпені сынақ­тан өткі­зуге қатысты. Екі кезең­нің нәтижесінде айтар­лықтай те­ріс көр­сеткіштер анықталмады. Тек екпені қабылдағандар инені сал­ған кезде шаншудың әсерінен кішкене ісінудің болғанын, бірақ алғашқы 2-3 күнде жағымсыз әсердің жойылғанын жеткізген. Қа­зір вакцина клиникалық сы­нақ­тың үшінші кезеңіне өтті. Өйткені 2020 жылдың 18 желтоқ­са­нын­­да Денсаулық сақтау ми­нис­трлігі мен Меди­ци­налық жә­не фармацевтикалық бақы­лау коми­теті QazCovid-in инак­тивтелген вакцинасын кли­­никалық сынақтың үшінші ке­зеңінен өткі­зуге рұқсат бер­ді. Содан 25 желтоқсанда клини­калық сынақ­тың үшінші кезеңі бойынша вакциналау басталып, 3 мың еріктіге екпе егілді.

Зерттеудің хаттамасына сәй­кес, кли­никалық сынақтың үшін­ші кезеңі 180 күнді құрайды. Соңғы кезеңнің аяқталуы шамамен биыл­­ғы маусымға жоспарланып отыр. Дегенмен мұның өзі өзгер­мейтін мерзім емес. Бәрі де зерттеу­дің барысына байланысты. С­ебебі әлгінде айтқанымыздай, сынақ субъектілерін бақылаудың өзіне 180 күн керек, одан ке­йін зерттеудің сараптамалық қоры­тындысы дайындалады.

Вакцинаны өндіруге уақытша тіркеу бе­рілген. Сондықтан ал­дағы сәуір айынан бастап отандық өнім өндіріле бастайды. Өндіріс жұмыстары биылғы қыркүйек айының соңында аяқталады.  Ал сәуір айының соңында отандық вак­цинаның бірінші партиясы дайын болады. Содан соң отандық екпені салдыру басталады. 

 

Нұрлан ӘУКЕНОВ,

Денсаулық сақтау министрлігі  Ғылым және адами ресурстар депар­таментінің басқарма басшысы