Әлем • 21 Қаңтар, 2019
Мәскеуде «Қазақтың жолы – қазақ жолы» атты дөңгелек үстел өтті
Мәскеу қаласында «Қазақ жолы» интеллектуалдық клубының ұйытқы болуымен «Қазақтың жолы – Қазақ жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019
Өзен аңғарына 6 тонна сиыр терісін төккендер анықталды
Орал қаласының іргесіндегі «Орбита» саяжай қауымдастығы аумағына түн жамылып кірген КамАЗ көлігі 6 тоннаға жуық сиыр терісін Шаған өзенінің аңғарына төге салып, ізін жасырған.
Руханият • 21 Қаңтар, 2019
Құрылысқа қажетті жерлер қайтарылуда
Түркістанда мемлекет қажеттілігі үшін үйлері сүрілгелі жатқан тұрғындар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңайында туристерге арналған кешен салғысы келген әкімдіктің нарықтан әлдеқайда төмен баға беріп жатқанын айтып, ақпарат құралдарына шағымданған болатын.
Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019
Салықтан жалтарғандармен күрес күшейтіледі
Шымкент қаласы бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша кеңейтілген жиында кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып отырған нысандарға бақылау күшейтіліп, көлеңкелі экономикамен күресті белсенді жүргізу тапсырылды. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан кейін алдағы үш жылда дотациялық аймақтан донорлы аймаққа айналуы қажет» деп айтып өтті.
Спорт • 21 Қаңтар, 2019
Баландиннің ізбасарлары көбейіп келеді
Соңғы жылдары шырайлы шығыста су спорты ерекше қарқынмен дамып келеді. Осыдан төрт жыл бұрын өзендер өрнектеген Өскеменнің көрікті жерінде қаладағы ірі кәсіпорындар – «Казцинк», «Казатомпром», басқа да алып комбинаттардың қаржысына үш ірі спорт кешені бой көтерді. Соның бірі – бассейн. Бассейннің жалпы көлемі бір мың шаршы метрді алып жатыр. Ал спорт кешенінің аумағы 5343 шаршы метр. Ұзындығы 50 метр, бір трамплині, 3 және 5 метрлік секіретін алаңы бар кешен заманауи талаптарға сай салынған. Міне, соңғы төрт жылдан бері мұнда халықаралық, республикалық жарыстар өте бастады. Осы орайда Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры Мирхат Болатқанұлымен кездесіп, оған бірнеше сауал қойған едік.