Саясат • 22 Қаңтар, 2023
Жаңаратын Парламент – Әділетті Қазақстанның әлеуеті
Биыл еліміз үлкен саяси өзгерістің табалдырығында тұр. Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII сайланған Парламенттің Мәжілісін тарату туралы Жарлық пен мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтау туралы қаулыға қол қойғаны белгілі. Енді 19 наурызда Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтпек. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, бұл жолғы саяси бәсекенің бұрынғы додалардан ерекшелігі көп. Ең бастысы, сайлау пропорционалды-мажоритарлы жүйе бойынша өтпек. Бұдан бөлек, Мәжіліс сайлауында қандай өзгерістер бар, саяси додаға кімдер қатысады? Осы және өзге де сұрақтарға шолу жасап көрген едік.
Саясат • 22 Қаңтар, 2023
Ұлт басылымдары және масс-медиа заңы
Баспасөз әлімсақтан, Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Оның тарихын, кәсіби құзыретін көзі ашық қауым жақсы біледі. Газет шежіресін біреулер Юлий Цезарь заманында тақтайшаға бәдізделген Сенат хабарынан бастаса, енді біреулер VІІ ғасырда тақтайға ойып жазылған Қытай императорының жарлық-нұсқауынан өрбітеді. Тарих көзімен қарағанда, беріде – Қазақ хандығы тарих сахнасына көтерілер қарсаңда сонау Германиядағы Иоганн Гутенбергтің баспаханасынан немесе байырғы түркі-қыпшақ ұлысының жері үшін қазақ пен жоңғар жан алысып, жан берісіп жатқан шақта қиырда дәстүрлі газеттің әуелгі пішіндік-мазмұндық нобайын қалаған француздың «La gazetta»-сынан бастап билік пен қоғам арасын жалғағаны сөзсіз.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2023
Ұлттың қасиеті – ана құрсағында
Жиен сіңілім босанып, оны шығарып алуға перзентханаға бардық. Құжаттарын дайындап жиналып шыққанша сыртта күтіп тұрдық та, сол жерде шақалақтарын қарсы алушыларға «Бауы берік болсын!» десіп қуанышқа ортақтастық.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2023
Домбайды қашанғы «құлан» дейміз?
«Egemen Qazaqstan» газетінің жуырдағы бір санында (20 желтоқсан, 2022 жыл) Нұрқанат Құлабай інімнің «Құба жонда құлан жортар күн қайда?» атты мақаласын оқыған соң, қолыма қалам алдым. Себебі елін, оның табиғатын, өлі-тірі бар жаратылысымен сүйе білген әр азаматтың көкейіне қонақтаған бір арманын еске түсіріпті. Оқушы кезімізде әлдебіреу тракторымен Кендірліктің суы тасып, арыны басылған кезде жойдасыз үлкен бір сүйекті мектеп ауласына (Шығыстағы Зайсан қаласы) сүйреп әкелгенде, білетіндер оны «Мамонт деген хайуанның қабырғасы екен» десті. Сол жылдары газеттердің бірі Зайсан көлінің жағасынан қылыш тісті жолбарыстың тісі табылғанын жазып еді. Сонда ғой, балаң арманшыл көңілдің «Шіркін, ғылым соларды қайта тірілте алса ғой», деп қиялдағаным.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2023
Тараз қаласында Халық әртісі Асанәлі Әшімов атындағы өнер орталығы салынады. Аталған орталық өңір руханиятын насихаттаудағы бірден-бір маңызды нысанға айналмақ. Жаңа нысанның жөн-жобасын зерделеу мақсатында абыз ақсақал көне шаһарға арнайы ат басын бұрды.