Аймақтар • 22 Қаңтар, 2023

Асанәлі орталығы салынады

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қала­сында Халық әртісі Асанәлі Әшімов атын­дағы өнер орталығы салын­ады. Аталған орта­лық өңір руханиятын наси­­хаттаудағы бірден-бір ма­ңызды ны­санға айнал­мақ. Жаңа ны­санның жөн-жо­басын зерделеу мақса­тында абыз ақсақал көне шаһарға арнайы ат басын бұрды.

Асанәлі орталығы салынады

Кездесу барысында Тараз қа­ла­­сының әкімі Бақытжан Орын­беков Асанәлі Әшімовті жа­ңа­дан бой кө­теретін өнер ор­та­лы­ғының эскиздік жобасымен жан-жақты таныстырды. Өз кезегін­де А.Әші­мов орталыққа қа­тысты кө­кейдегі ұсыныстарын ортаға салды.

Б.Орынбековтің айтуынша, ны­сан­ның құрылыс жұмыстары наурыз айында басталады. Өнер орта­лығының жалпы аумағы 834 шаршы метрді құрамақ. Екі­қабатты ғима­ратта театр, кино, хореография се­кілді өзге де үйір­мелер жұмыс іс­тейді. Осылай­ша, жергілікті жастарды өнерге ­баулу көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, Асанәлі Әші­­мов атындағы музей де атал­ған ғимаратқа көшіріледі. Қала әкімінің сөзіне сенсек, ғи­марат Ықылас Дүкенұлы атын­дағы қалалық мәдениет үйі­нің маңынан бой көтереді. Өнер орта­лығының қасбеті нео­классикалық стиль­де, плиталы траветеринмен әдіп­телмек. Нысан жыл соңына дейін пай­далануға беріледі.

«Өнерді қолдаған ел өрге басады. Бұл нысан сондай қолдаудың арқасында салынады. Жамбыл жері – туған өл­кем. Туған жерімде осындай ор­та­лық­тың бой көтеретініне бек қуаныштымын. Орталық маған емес, болашаққа қызмет етеді. Нысанның жалпы жобасы көңілімнен шықты», дейді Халық әртісі өз ойымен бөлісіп.

 

ТАРАЗ