Михаил Литвин жүгіруден Қазақстан рекордын орнатты
Өскеменде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды. Жарыстың басты жаңалығы – Михаил Литвин орнатқан екі рекорд. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019
С.Сәдуақасов: Кешегі боранда «Қазавтожолдың» техникаларының жетіспеушілігі байқалды
Кеше облыстың Үржар ауданы аумағында, «Алматы-Өскемен» республикалық жолының 681 шақырымында ақ түтек боран салдарынан таңғы сағат 3:50-ден бастап, автокөліктердің кептелісі орын алып, 400-ден астам адамы бар 7 автобус, 45 КамАЗ, 30 жеңіл көлік және 8 Газель жүре алмай, тұрып қалған еді. Сол күні кешке қарай 312 адам эвакуацияланып, оның 28-і Таскескен ауылындағы ауруханаға, 40-ы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке, 55-і - Ақтамберді орта мектебіне, 19-ы - колледжге, 60-ы - Таскескен ауылының тұрғындарына, 70-і - «Әйгерім» кафесіне орналастырылып, 40 адам Үржар ауылындағы үйлеріне жеткізілген-ді. Көлігінің қауіпсіздігіне алаңдап, эвакуациялаудан бас тартқан жолаушыларға жергілікті атқару органдары ыстық тамақ пен көліктер үшін жанармай беруді ұйымдастырған болатын.
Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019
«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы Жетісу өндірістік филиалында талқыланды
Алматы облысы тұрғындарын табиғи отынмен қамту бағыты бойынша ауыз толтырып айтарлықтай шаруа атқарылды. Қазір Талдықорған қаласында газ желісіне қосылуға қатысты құрылыс қызу жалғасуда. Жалпы облыста бұл жұмыс 14 ауданда жүріп жатыр.
Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019
Руханият • 21 Қаңтар, 2019
Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты тарихи-танымдық еңбегінде «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес», деп бүкіл түркі дүниесінің түп-қазығы, біздің атамекенімізді ерекше ардақ тұтады. Нұрсұлтан Назарбаев ұлт қасиетін осылайша ұлықтай отырып, өз ойларын одан әрі негіздей түседі.