Медицина • 22 Қаңтар, 2023
Тиімді дәрігерлік тәжірибе алмасу
Ертеден келе жатқан ескі кеселдің бірі – талма ауруы жайлы талай трактаттар жазылған, әлі де зерттелуде. Дамыған медицинаның өзі тұқым қуалайтын дерттің дауасын толық таба алмаса да, мидың созылмалы ауруына шалдыққандардың денсаулығын озық медициналық технологиялар, операциялар көмегімен жеңілдетуге, жақсартуға болады.
Медицина • 22 Қаңтар, 2023
Ғылым, медицина өркен жайған заманда операцияның небір түрі жасалып, ертеңінен күдер үзіп, ауыр халде жатқан науқастар аяққа тұрған жағдайлар жиі кездеседі. Мұның дәлелі ретінде айтар болсақ, 2021 жылы дүние жүзінде 92 мыңға жуық бүйрек трансплантациясы жасалған. Ал былтыр елде 300-ден аса науқас тек бүйрек трансплантациясына жете алмай, көз жұмған. Өкініштісі, жылдан-жылға трансплантацияға мұқтаж адамдардың саны көбейіп, күту парағындағы тізім құбылып тұр.
Әдебиет • 22 Қаңтар, 2023
Француз әдебиеті – тоғыз жолдың торабындағы алып шаһар іспетті. Әлемнің қай түкпіріндегі шығармашылық иелері болсын сол қаладан іздегенін табады, сүйгенін алады. Қайбір елдің ұлы ақынының түбін зерделесек, француз мәдениетінің қайнарынан нәр алған болып шығады. Мәселен, Пушкин француз тілін ана тіліндей жетік біліп, бай қазынасымен сусындаса, Латын Америка поэзиясының атасы Рубен Дарио Поль Верленді ұстаз тұтты. Пабло Неруда он жеті жасында-ақ француз тілін үйреніп, «Еуропа дегеніміз Аполлинер мен Петрарка» десе, Иранның жаңа дәуір поэзиясының негізін қалаушы Нима Юшидж Тегерандағы Сен-Луи колледжінде француз тілін меңгеріп, поэзияға өзгеше өрнек салды.
Әдебиет • 22 Қаңтар, 2023
«Сынынан сақта, Алла, надандардың...»
«Сарыарқа мен Сырдағы, Көшпелі қазақ баласы, Ахуалыңа қарашы! Артық кетті біздерден, Өзгелердің һәммасы».
Әдебиет • 22 Қаңтар, 2023
«Ойхой, теңіз жайында әңгіме шерткен қандай ләззат?! Құй өзің сөйле, құй өзгені сөйлетіп қойып, жиын арасында ұйып тыңда мейлің»...