Тарих • 22 Қаңтар, 2020
Қазақтың тұңғыш дәрігері – Мұхамеджан Қарабаевтың есімін ұмытпайық
Мұхамеджан Қарабаев көз жұмғаннан бері қаншама жыл зымырап өтті. Бертінге дейін оған көңіл бөліп, ізет көрсете барған қоғам өкілдері болмапты. Ал ол қандай құрметке де лайық еді. Мұхамеджанды халқымыз білмейді емес, біледі. Кеңес өкіметі тұсында да арагідік жазылып, мәселе көтеріліп тұрды.
Руханият • 22 Қаңтар, 2020
Екі жүз жылға таяу тарихы бар қазақтың қасиетті мекендерінің бірі – Қарқаралы. Арқаның алтын тәжі саналатын қастерлі аймақ көрікті табиғатымен бірге, елге белгілі тарихи тұлғаларымен де көзіқарақты жұртты қызықтырмай қоймайды. Біз бүгін сол өлкеде өмір сүріп, 17 жыл Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған, Бөкей ханның нәсілі — Құсбек төре Тәукеұлы туралы сөз еткіміз келеді. Жалғыз Қарқаралы шежіресіне қатысты емес, жалпы қазақ тарихында елеулі орындардың біріне ие Құсбек төре туралы бүгінде көп айтылмайды. Кешегі Кеңес өкіметінің солақай саясатының салқынымен көркем әдебиеттерде, ауыз-екі әңгімелерде Құсбек төрені жағымсыз кейіпкер ретінде ғана сомдау басым. Бүгінгі ұрпақ бұл бұрмаланған тарихты дұрыстауы керек деп ойлаймыз.
Президент • 22 Қаңтар, 2020
Конституциялық Кеңестің мәжілісіне қатысты
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңестің отырысына қатысты. Онда Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 107-бабының 8) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы мәселе қаралды.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2020
Күллі қазаққа ортақ алқалы той Арқа төріндегі Алаш астанасынан бастау алды. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өткен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты салтанатты кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
«Қазақмысқа» қарасты кешеннің бас директорына шабуыл жасалды
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің тау-кен байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигуловқа шабуыл жасалды, деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.