Аймақтар • 19 Қаңтар, 2019
Оралда өзен аңғарына 6 тонна сиыр терісін төккендер анықталды
Орал қаласының іргесіндегі «Орбита» саяжай қауымдастығы аумағына түн жамылып кірген КамАЗ көлігі 6 тоннаға жуық сиыр терісін Шаған өзенінің аңғарына төге салып, ізін жасырған.
Парламент • 19 Қаңтар, 2019
Түркістанда Мәжілістің Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен кеңінен танытуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбындағы отырыста «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары талқыланды.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019
Қарағандылық инспекторға оқ атқан күдіктілердің фотосы жарияланды
Ішкі істер министрлігі инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысы бар күдіктілердің аты-жөні мен фотосын жариялады. Оларға мемлекетаралық іздеу салынған.
Білім • 18 Қаңтар, 2019
ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады
«Қысқы ҰБТ» нәтижелері бойынша тестті ағылшын тілінде үздік тапсырған оқушы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік білім грантын иеленеді деп хабарлайды egemen.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып 49 жасар Исқалиев Ғали Нәжімеденұлы тағайындалды. Жаңа орынбасарды Батыс Қазақстан облысы активіне өңір басшысы Алтай Көлгінов таныстырды.