Қазақстан • 12 Қаңтар, 2018
Қазақтың басты дәмі – ет. Бүгінде ет культі жүріп тұр.
Медицина • 12 Қаңтар, 2018
Ақсақалсыз ауылды теріс ағым билейді
Кезінде кеңестік идеология имандылық пен ізгілікке толы халықтық қалпымыздың жігін ажыратып, атеистік ілімді еріксіз таңа бастады. Мұның белгілі бір дәрежеде салдары да болмай қалған жоқ. Құран оқыған жерден бой тасалайтын коммунистер де табылды. Тұтас бір буынның бойында арақ-шарапқа әуестік, тіпті бірқатар шаруалардың осы ащы судың араласуымен шешілу көріністері орын ала бастады. Мұның өзі кейбір қоғам мүшелерінің абыройы мен жеке басының қадір-қасиетін төмендетуге әкелетін жағымсыз әлеуметтік жайт екені де сол дәуірдің бір шындығы.
Қазақстан • 12 Қаңтар, 2018
Жолдау-2018: білім – басты бағдар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі неде? біз осы сұраққа Жолдау мәтініне контент-талдау жасау арқылы жауап іздеп көрдік.
Қазақстан • 12 Қаңтар, 2018
Қазақтың ұзын-сонар тарихының дені – ерлік пен өрліктің шежіресі. Біздің піл сауырлы ұлан-байтақ даламыздан алашқа аты ұран болған баһадүрлер мол шыққан. Батырлықтың арнасы Екінші дүниежүзілік соғыспен бірге суалған жоқ. Бүгінде қазыналы жас жетпіске толып отырған Ауған соғысының даңқты батыры Борис Төкенұлы сондай айбынды алыптардың лайықты мұрагері.
Шетелде іссапарда жүрміз. Қасымызда Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ержан есімді жас жігіт бар. Жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі сондай жатық, сыпайы. Ізетті жігіттің болмысында қалада өскен баланың қалыбы да байқалады. Бір күні екеуміздің орнымыз қатар келіп қалған.