Басылым • 17 Қаңтар, 2024
1845 жылы француз тілінде Парижде басылып шыққан және Еуропа жұртшылығы жазушының шебер тілі мен бейтаныс дүниені таныстырғаны үшін разы болған туындыны бүгінгінің оқырманы біле бермесе керек.
Хоккей • 17 Қаңтар, 2024
«Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізіп, кішігірім сенсация жасады. Елордалық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Сұхбат • 17 Қаңтар, 2024
Толқын Қылышев: Бізге қазақ боксының мықты болғаны керек
Қазақ пен өзбек боксы тізгін қағысып қатар дамып келеді. Жаһандық жарыстарға көз тіккен жанкүйер қауым да бауырлас екі ел боксшыларының өнерін қалт жібермейді. Оны спорт сарайларындағы жанкүйерлердің шуылы мен шаршы алаңдағы сойқан соққылардың суылынан да байқап жүрміз. Өткен жылдың соңында Өзбекстанның ішкі чемпионатын тамашалаудың сәті түскен еді. Сол сапарда бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышевпен емен-жарқын әңгімелесуге де мүмкіндік туды.
Әдебиет • 17 Қаңтар, 2024
Қазіргі жастар Ақан серінің «Шырмауығын» қалай қабылдар екен? «Ахау, дүние жалған, бітер ме арман? Сұм тағдыр шырмауықтай, шырмап алған» дейді қайырмасында. Әрине, Ақан өмірінен, қазақ тарихынан хабардар түйсігі ояу жас бірден қабылдап түйсінуі әбден кәдік. Бойына мұндай қасиеттер жұқпаған қазақтың сөзі селт еткізбесе де, әуені баурамай қоймауы керек. Ән соқталы, терең тынысты, батар күннің сәулесіндей салмақты ой мен сезімге құрылған. Бір емес, бірер тыңдау, ол да аз-ау, өмір бақи тыңдап өтер туынды. Сондықтан адамдар қайда асығып бара жатқандарын да пайымдамай, уақыттың алдына түсіп алып зымырап жүрген мына заманада Ақан, Біржан әндері әр тұстан естіліп тұрса артық емес. Мыңның арасынан бірен-саранының құлағы шалып жатса, ол да олжа.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды
Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, деп жазады Egemen.kz.