Қоғам • 19 Қаңтар, 2023
Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты қылмыстық іс сотта қаралып, алты адамға үкім шықты. 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың ақпанына дейін Алматы, Ақтөбе, Ақтау және Атырау қалаларында «Тиімді депозит» атты қаржылық пирамида құрып, жұрттан ірі көлемде қаржы жинаған Дархан Аймағамбетов 10 жылға, оның серіктестері – Мақсат Әбуғалиев, Тимур Қарасаев, Нұржан Берниязов, Алмат Тағанов, Марат Күржімбаев 8 және 7 жылға сотталды.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2023
Ұрпағымызды кім тәрбиелеп жүр?
Бүгін, міне, Тәуелсіздік алған жылы туған перзенттер отыздан асты. Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы жастардың бәрі – тәуелсіздік төлдері. Жұмысқа жаңа орналасып жатқан алғашқы дипломды лек те солар. Тәуелсіздік кезеңдегі туған жастар қандай? Олар алғыр, өжет, жалтақтау дегенді білмейді. Ойларын бүкпесіз ашық айтады.
Экология • 19 Қаңтар, 2023
Бұрын болған, қазір тек төрт әріптен тұратын аббревиатураға ие жер туралы сөз.
Экономика • 19 Қаңтар, 2023
Жастардың жанды жері – баспана
Былтыр желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, жастардың жас шегі 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтылғаны белгілі. Бұл – жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер етіп, баспана сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік бермек.
Спорт • 19 Қаңтар, 2023
Жеңіл атлетикаға тың серпін қажет
23 қаңтарда Астанадағы «Qazaqstan» спорт кешенінде жеңіл атлетикадан «Astana Meeting World indoor tour» деп аталатын халықаралық турнирдің шымылдығы түріледі. Әлемге әйгілі «Гауһар лигасының» баламасы бойынша өтетін жарыста жер-жаһанның әр қиырынан келген ең таңдаулы спортшылар бақ сынайды. Олардың қатарында Эфиопия, АҚШ, Марокко, Португалия, Бразилия, Куба және тағы басқа мемлекеттердің дүлдүлдері бар. Бәсекелер жеңіл атлетиканың тоғыз түрі бойынша өтеді. Оның әрқайсысының жүлде қоры 4 мың АҚШ долларын құрайды.