Қоғам • 20 Қаңтар, 2020
Бөтен нөмірлі көлік иелерінің көңіліне алаң кірді
Соңғы кезде Батыс Қазақстан облысында шетелде, соның ішінде Ресей Федерациясы мен Арменияда тіркелген көлік тым көбейіп кеткені рас. Еуразиялық экономикалық одағы елдерінен әкелінген көліктерді тіркеу тәртібі қатаң қадағаланатыны туралы ескертуден кейін «бөтен нөмірлі» көлік иелерінің көңіліне алаң кірді.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2020
Шымкент қаласының әкімі қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады
Әр аптаның жұма күндері өтетін қабылдауда 10-ға жуық қала тұрғындары өз өтініштері мен ұсыныстарын жолдады. Қабылдауда негізгі көтерілген мәселердің басым көпшілігі коммуналды салаға қатысты болды. Бірі жекеменшік мектеп салу туралы ұсынысын жеткізсе, бірі мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша көмек сұрай келген. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2020
Қазақстанда өндірістік жарақаттану 8,8%-ға төмендеді
2019 жылдың қорытындысы бойынша республика кәсіпорындарында 1 257 жазатайым оқиға болды, соның салдарынан 1 430 адам зардап шекті, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 8,8%-ға төмен (2018 жылы – 1 568 адам), оның ішінде 180 адам қаза тапқан, бұл 2018 жылға қарағанда 17,6% - ға төмен (2018 жылы-220 адам). Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 20 Қаңтар, 2020
Александр Савин семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінде үштікке енді
19 қаңтар күні Бахрейннің Манама қаласында шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі өтті. Оған Қазақстан командасының төрт спортшысы қатысты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Экономика • 20 Қаңтар, 2020
Салық кодексіне енген жаңа өзгерістер түсіндірілді
Мемлекеттік кірістер комитеті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты жаңа өзгерістерді тұрғындарға түсіндірді. Жиын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарындағы сауда орталықтары мен үлкен базарларда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өткізілді.