«Адалдық алаңы» ұранын ұстанған науқан Қаржы министрлігі қызыметінің ашықтықтығын насихаттау, тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жедел жауап беру мақсатында ұйымдастырылды.
Естеріңізде болса, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекс күшіне енген болатын. Аталған құжатта міндетті төлемдерге қатысты көптеген өзгеріс енгізілді.
Мәселен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды.
Заң жобасына енгізілген түзетуге сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды. Сондай-ақ Микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге кірістен салық төлеуден босатылмақ.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыскер еңбегін пайдаланбайтын, жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар патент қолдануға мүмкіндік берілмек.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жер салығы негізіңде шаруа немесе шаруа қожалықтары үшін БЖС ставкасы кірістің 0,5% пайызын құрайды.
Онлайн-БКМ қолдану талаптары жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ аймақтарда өз қызметін жүзеге асыратын бизнес субъектілеріне таратылмайды.
Сонымен қатар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ойындарға салынатын қосымша салық жойылады.