Аймақтар • 20 Қаңтар, 2020

Шымкент қаласының әкімі қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әр аптаның жұма күндері өтетін қабылдауда 10-ға жуық қала тұрғындары өз өтініштері мен ұсыныстарын жолдады. Қабылдауда негізгі көтерілген мәселердің басым көпшілігі коммуналды салаға қатысты болды. Бірі жекеменшік мектеп салу туралы ұсынысын жеткізсе, бірі мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша көмек сұрай келген. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласының әкімі қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Азаматтардың мәселеріне мұқият назар салған Ерлан Қуанышұлы заң аясында жауап беріп, тиісті салаға қатысты сауалдарды бақылауға алуды басқарма басшыларына жүктеді.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттен қолдау сұрап келген қала тұрғындарына шаһар басшысы кәсіпкерлерді қолдау шаралары аясында бірнеше мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатқанын айтып, оны алудың тәртібін түсіндірді.

Жалпы жеке қабылдауда көтерілген әрбір мәселе бойынша Ерлан Қуанышұлы тиісті сала басшыларына нақты бірқатар тапсырмалар жүктеді.