Спорт • 19 Қаңтар, 2023
АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан ХХХ қысқы Универсиаданың кезекті күнінде Қазақстанның студент спортшылары тағы екі медаль жеңіп алды. Бұл жолы биатлоншыларымыз тұғырға көтерілді.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023
Бет-бейнесі мультфильм кейіпкерлері секілді аса бір күлкілі де қызықты портреттерді көрген боларсыз. Графика өнерінде бейнелеудің бұл түрі карикатура аталады. Бір бойына сатира мен журналистика элементтерін қоса алып жүретін аталған жанр бейнеленген кейіпкердің ішкі болмысын, мінез-құлқын да бере алатын қасиетімен өміршең.
Қазақстан • 19 Қаңтар, 2023
Әділет министрлігінің алқа мәжілісі өтті
Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты. Онда өткен жылдың қорытындылары шығарылып, 2023 жылға арналған міндеттер белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2023
Биыл 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардары Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толады. Соған орай елордадағы «Қазмедиа» орталығында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы және «Амангелді Иман» қоғамдық қорының бастамасымен халық батырының айтулы мерейтойына арналған брендбук таныстырылды.
Спорт • 19 Қаңтар, 2023
«Astana Qazaqstan Team» велокомандасы қысқы трансферлік кезеңінде құрамын тағы бір легионер велошабандозбен толықтырды.