Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018
2018 жылы ынтымақты зейнетақы 8%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар 16%-ға өсті
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақысы 8%-ға, базалық зейнетақы 6%-ға өсті. Осылайша, орташа зейнетақы шамамен 72 мың теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018
СІМ Таиландта жол апатына ұшыраған қазақстандықтар туралы айтты
Таиландта жол апатына ұшыраған қазақстандықтардың үшеуі ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018
Жолдауда азаматтардың күш-жігерін біріктіруге ерекше мән беріліп отыр
Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы біздің мемлекеттілігіміздің мазмұндық базасына өзгеріс енгізді, Қазақстанның бұдан былайғы дамуындағы жаңа тұжырымдамасының доктринасы болып табылады.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018
Қазақстан Президенті елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Рәсім барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Швеция Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Матс Фойер, Куба Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Эмилио Певида Пупо, Үндістан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Майкл Джон Гиффорд сенім грамотасын тапсырды.
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018
Республика бойынша 28 адам газдан уланып, көз жұмған
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов газдан уланудың алдын алу бойынша азаматтық қорғау органдарымен жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.