Қазақстан • 10 Қаңтар, 2018

Жолдауда азаматтардың күш-жігерін біріктіруге ерекше мән беріліп отыр

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы біздің мемлекеттілігіміздің мазмұндық базасына өзгеріс енгізді, Қазақстанның бұдан былайғы дамуындағы жаңа тұжырымдамасының доктринасы болып табылады.

Жолдауда азаматтардың күш-жігерін біріктіруге ерекше мән беріліп отыр

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын бәріміз ерекше ықыласпен қабылдадық. Кезекті жаһандық экономикалық дағдарыс қатері өршіп тұрған кезде «...Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» екенін түсініп отырмыз.

Президент қазақстандықтарды толғандырған басты мәселеге «Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетстікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды» деп нақты жауап берді.

Елбасы Жолдауының басты тұжырымында күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарамастан еліміздің негізгі басымдықтары мызғымайтыны, мемлекетіміздің стратегиялық бағдары бұрынғыша қала беретіні айқындалған.

Осынау аса маңызды мемлекеттік құжатта еліміздің ішкі және сыртқы ахуалына егжей-тегжейлі талдау жасалып, өркендеудегі басым бағыттар айқындалды, халықаралық және мемлекетаралық қатынастарға баға берілді, барлық маңызды мәселелер мен қатерлерді шешу жолдары табылды.

Жолдауда еліміздегі барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіруге ерекше мән беріліп отыр. Президент отандастарына барлық қауіп-қатерлерді еңсеру үшін және экономикада, қоғам мен мемлекет дамуындағы жаңа сапалық тұрғыдағы деңгейге көтерілу үшін ой-ниеттер мен іс-әрекеттерді біріктіруге шақырады.

Мемлекет басшысы алға қойған ауқымды мақсаттарды іске асыру үшін біздің бәріміз күш-жігерімізді біріктіріп, бірге әрекет етуіміз керек.

Мұратбай ЖОЛДАСБАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты