Министрлік Таиландтағы қазақстандық дипломаттар Пхукет аралында жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланысқа шығып, қажетті көмек көрсетіп жатқанын айтты. «9 қаңтар күні «Hanuman World» аттракциондар паркі аумағында ашық микроавтобус жол апатына ұшырағаннан кейін Қазақстанның 8 азаматының төртеуі (1945 және 1982 жылдары туған ер адамдар мен 1978 және 1993 жылы дүниеге келген әйелдер) түрлі жарақатпен аруханаға жеткізілсе, қалған төртеуі жеңіл жараланған.
Екі зардап шегушіге ота жасалды. Қазіргі уақытта олар жергілікті клиникада емделіп жатыр. Ауруханаға жатқызылған әйелдердің бірі (1993 жылы дүниеге келген) бүгін ауруханадан шықты. Барлық зардап шегушінің медициналық сақтандыруы бар»,- деді ведомстводан. Еске сала кетейік, бұған дейін Таиландта жол-көлік оқиғасынан Қазақстанның 8 азаматы зардап шеккендегі туралы хабарлаған болатынбыз.