Аймақтар • 20 Қаңтар, 2022
Алматыны қалпына келтіру жұмыстары аясында 203 кәсіпкерлік нысан тексеріліп, оның ішінде үш шағын және орта бизнес (ШОБ) нысанын күрделі жөндеуден өткізу қажеттігі анықталды.
Футбол • 20 Қаңтар, 2022
Үшінші чемпионаттан үмітіміз көп
Кеше Нидерландтың бас шаһары – Амстердам мен осы елдің солтүстігінде орналасқан аса ірі қаланың бірі – Гронингенде футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының жалауы желбіреді. Бұл – Нидерланд корольдігі қабылдап жатқан алғашқы Қарт құрлық додасы. Бұған дейін «қызғалдақтар елінің» 1989 жылғы әлем чемпионатын дүркіретіп ұйымдастырғаны көпшіліктің есінде болса керек. Бұдан бөлек, Нидерланд клубтар мен құрамалар арасындағы бірнеше маңызды жарыстарды да ұйымдастырғанын жанкүйер қауым жақсы біледі.
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2022
Тәуелсіздік тұсында түгенделген мұра
Өткенін қастерлеп, бүгінгісін керегіне жарататын тарихи, мәдени және сан түрлі ғылым салаларындағы шежіренің шындығын сақтап, халқымызға жеткізетін бірден бір қасиетті орын – еліміздің архивтері.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2022
Университеттер филиалы Оралда орналасса...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында сөз сөйлеп, Үкіметке еліміздің болашақ дамуына қатысты бірқатар тапсырма берген болатын. Соның бірі – 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік жоғары оқу орындарының кем дегенде 5 филиалын ашу мәселесі. Соның ішінде «екі техникалық бағдарланған филиал еліміздің батысында болғаны жөн», деді Президент.
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2022
Өсімдік майын өндіре алмаймыз ба?
«Павлодар өңірінде агроөнеркәсіп алға басты» деп ауыз толтырып айтсақ та, қайта өңдеу ісі әлі қарқын ала қойған жоқ. Даламызда өсетін дақылдарды кәдеге жаратпайынша, шетелге жалтақтай беретініміз рас. Өкініштісі, шекара асып жатқан шикізатымыз ертең дайын өнім түрінде өзімізге қымбат бағамен сатылады. Демек, біздің ұпайымыз түгел емес.