Саясат • 21 Қаңтар, 2026
Respublica саяси модернизацияны қолдайды
Respublica партиясы Мемлекет басшысының саяси модернизация бағытын толық қолдайтынын мәлімдеді. Партия өкілдері реформалар мемлекет пен азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуі тиіс, өзгеріс иллюзиясын тудырмауы керек деген пікірде, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Қаңтар, 2026
Жыл қорытындысы стратегияның дұрыстығын растады
ERG компаниясы биыл еліміздегі алпауыт тау-кен және металлургия кәсіпорындарын дамытуға рекордтық көлемде – 560 млрд теңге инвестиция құюды жоспарлап отыр. Бұл туралы қызметкерлермен кездесулер өткізіп, жылды қорытындылаған ERG Директорларs кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов мәлімдеді. Осы орайда, соңғы үш жыл бойы компания қазақстандық кәсіпорындарға қомақты инвестиция құйып келеді.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Депутат: Жол саласы жүйелі мәселелерден әлі арыла алмай отыр
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жанарбек Әшімжанов елдегі жол жүйесі туралы депуттаттық сауалын Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады. Депутат атап өткендей, елдегі жол жүйесі үздіксіз әрі сапалы болса ғана экономика дамып, өңірлердің өзара байланысы нығайып, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қаңтар, 2026
Депутат: Стратегиялық маңызы бар энергетикалық жобалар іс жүзінде жүзеге аспаған
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин коммуналдық және энергетикалық салалар туралы депутаттық сауалын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р.Склярға жолдады. Депутат өз сөзінде, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы коммуналдық және энергетикалық салалардың қазіргі жай-күйіне өте нақты баға бергенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 21 Қаңтар, 2026
Шопандар мен бақташылардың балаларын әскерге шақыру кейінге қалдырылуы мүмкін
Қазақстанда шопандар мен бақташылардың балаларын мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру мәселесі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп қарастырылмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Сенатта мал шаруашылығын дамыту перспективалары талқыланған отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.