Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019
2 тонна қызылбалық, 113 келі уылдырық тәркіленді
Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері облыс аумағында қызыл балық пен қара уылдырық сатып, таратумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019
Орал қаласында цифрлық ХҚКО ашылды
Орал қаласында операторлардың қатысуынсыз, электронды кілт арқылы өзіне қажетті кез келген құжатты өзі рәсімдеп алатындай халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Заманауи үлгідегі цифрлық технологиялармен жабдықталған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисінде 454 қызметті электронды түрде алуға болады.
Өңірлік кітапханаларда білім фестивалі өтті
Барлық өңірде қоғамдық кітапханалар негізінде жаңадан ашылған заманауи білім орталықтарының есігі жастарға бірдей ашық болды. Күні бойы келушілерге арнап түрлі шаралар ұйымдастырылып, білім орталықтарының барлық мүмкіндігі таныстырылды.
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2019
Алматыда Есентай өзенінің арнасын бекіту жұмыстары жүріп жатыр
Алматыда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы жаз айларында өзен жағалауындағы тротуарларды, спорт алаңдарын абаттандыру және жарық желілерін жүргізу ісі қолға алынбақ. Мамандардың айтуынша, мұнда 4000 ағаш отырғызу жоспарланған.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019
Асхат Аймағамбетов – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне бұған дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болған Асхат Аймағамбетов тағайындалды.