Мектеп • 16 Қаңтар, 2024
Алматымен қанаттас Қарасай ауданында оқушы саны жыл сайын 6 мыңға артады екен. Оған демографиялық өсіммен қоса, ішкі миграцияның әсері зор. Мысалы, өткен жылы 11-сыныпты 2,5 мың бала тәмамдаса, биылғы оқу жылында бастауыш сыныпқа 8,5 мың бүлдіршін қабылданған. Бұл көрсеткіштер мектеп салу ісінің өзектілігін аңғартады.
Денсаулық • 16 Қаңтар, 2024
Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірде қызылша ауруына шалдыққандардың көбейгенін айтып, дабыл қағып жатыр.
Медицина • 16 Қаңтар, 2024
Балалар арасындағы фармакорезистентті эпилепсия – жүйке жүйесі ауруларының кең тараған түрі. Бүгінде бұл дертке ем ретінде жаңа ем-дом түрлері қолданылады. Яғни препараттар, стимуляторлар, арнайы диета да әзірленді. Алайда эпилепсияның дәріге басылмайтын түрі болса, дәрігерлер арнайы операция жасайды.
Халық • 16 Қаңтар, 2024
Жақсылық жүрген жерде таршылық болмайды
Елордалық еріктілер зейнеткерлердің ауласының қарын күреп, қолғабыс етті. Осылайша, жастар «Игі істер марафоны» дәстүрлі акциясын өткізіп жатыр. Игі істің басты мақсаты – халықтың әлеуметтік осал санаттарына, қарт адамдарға, мұқтаж жандарға барынша жәрдем беру.
Жастар • 16 Қаңтар, 2024
Сан мың жасқа қызмет көрсетеді
Ел жастарының басым бөлігі шоғырланған мегаполисте жастарды қолдауға арналған ауқымды жобалар аз емес. Биылдан бастап қаланың әр ауданында осы санаттағы азаматтарды қолдауға арналған комьюнити орталықтар жұмыс істей бастайды. Күні кеше соның алғашқысы Әуезов ауданында есік ашты.