Жастар • 16 Қаңтар, 2024

Сан мың жасқа қызмет көрсетеді

90 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел жастарының басым бөлігі шоғырлан­ған ­ме­гаполисте жастарды қолдауға арналған ауқым­ды жобалар аз емес. Биылдан бастап қа­ла­ның әр ауданында осы санаттағы азаматтар­ды қолдауға арналған комью­нити орталықтар жұ­мыс істей бастайды. Күні кеше соның алғаш­қысы Әуезов ауданында есік ашты.

Сан мың жасқа қызмет көрсетеді

Аталған ауданда 14 пен 35 жасқа дейінгі 102 мың азамат тұрады десек, оның 7,8 пайызы NEET санатындағы жастар. Жастардың шығармашылық бастамаларын дамытуға арнал­ған орталықтың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ерболат Досаев, келер жылға дейін шаһарда осындай 16 ор­талық жұмысын бастайтынын жеткізді.

Ел аумағында алғаш қанат қаққан жобаны жүзеге асыру үшін әкімдік былтырдан бас­тап іске кіріскен. Бірнеше ғимарат сатып алынып, жөн­деу жұмыстары жүргізілді. Таяуда жылына 800 мың жас­қа қызмет көрсетуге қауқар­лы тағы 7 бірдей орталық ашылып, жастар үшін идея алмасу алаңына айналмақ. Мұнда тегін негізде білім беру мен мә­дени іс-шаралар өткізіліп, жас­тар білікті психологтер мен заң­герлердің көмегін, сондай-ақ жұмысқа орналасу мен қаржы мәселесі бойынша мамандардан кеңес ала алады.

«Алматы – жастар қала­сы. Бізде 14 пен 35 жас аралы­ғын­дағы 680 мыңнан астам жас бар. Бірақ бас қосып ой бөлісетін, қиын кезде көмек көрсететін орталық қалада болған емес. Қазір біз бұл мәселені тиімді шешіп жатырмыз. Жыл соңына дейін базалық инфрақұрылым құруға тырысамыз. Бізге жас­тардан кері байланыс қажет. Олар үшін ақысыз негізде бі­лім беру курсы мен біліктілікті арттыру курстарын өткізуге, жастар бағдарламасын қазір­гі заманға бейімдеуге әркез да­йынбыз. Мемлекет басшысы өз сұхбатында атап өткен­дей, жастарға бірінші кезекте кө­ңіл бөлінеді», дейді Ерболат Досаев.

Комьюнити орталықтары­ның резиденттері үшін барлық қызмет тегін. Бұған қоса кө­лікке, қоғамдық тамақтануға, спорттық және мәдени инфра­құрылымды пайдалануға, оқы­ту мен шеберлік дәрістеріне же­ңілдіктер беретін кешенді дис­конттық карталар іске қо­сылған.

«Жұмыссыздар коммунал­дық орталықтан мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес ала алады, сонымен қатар жұ­мысқа орналасу мен оқуға қа­тысты ақпараттарды біле алады. Ол үшін «Jasalmaty.kz» порталына тіркеліп, «JobFair365» жұмысқа орналастыру платформасында түйіндеме жазуы керек. Бұл ретте, көздеген бос жұмыс орны бойынша қа­жет­­ті дағдысы болмаса, жас­тар «SkillBridge» платформа­сында өзекті мамандықтар бо­йын­ша қысқамерзімді оқы­ту­­дан өте алады», дейді Ал­маты қаласы жастар саясаты бас­қармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.

Жастарға қолдау көрсететін мұндай алаңдар құру – әлемдік тәжірибеде жемісін көрсеткен жоба. Комьюнити орталық­тар еңбек нарығы үшін сұраныс­қа ие мамандарды даярлауға және жастарды мегаполистің қоғамдық бастамаларына тар­туға мүмкіндік бермек.

Су жаңа орталықтың дизайн жобасын жасаған Кристина Бек­мырзаева: «Орталықтың ди­зайны – әрбір жастың әле­у­етін ашудың кілті. Біз қа­быр­ға мен шатырды ғана емес, шы­ғармашылықтың, идея ал­масудың және тұлғалық да­мудың әлеуетті алаңын құруды мақсат еттік. Жастар үшін барынша қолайлы жағдай жасау­ға тырысамыз, ғимараттағы әр­бір деталь рухани дамуға, шы­ғармашылық өрістеуге әсер сыйлау үшін барымызды сал­дық», деп атап өтті.

 

АЛМАТЫ