Мәдениет • 08 Желтоқсан, 2025

Иманбекке «Құрмет ордені» табысталды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында ел тарихында тұңғыш рет «Грэмми» жүлдесін алған музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иманбекке «Құрмет ордені» табысталды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұл марапат Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа берілді.

Айта кетейік, кейбір азаматтар марапат табысталар сәтте ел аумағында болмағаннан кейін, наградаларын уақытылы ала алмады. 

– «Құрмет» орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды, – деді министр.

Бұған дейін актер, каскадёр және кәсіби аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтардың «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болғанын жазған едік.