Руханият • 30 Қаңтар, 2020
Тоныкөк – даңғайыр жырау, данышпан білге, дарабоз қолбасшы
Тұранға толқындап жайылған түгел түркінің тұнық тілі мен дәстүрлі ділін, айшықты бітік-жазуы мен жазба әдебиетінің, жоралы жарғы-түзімі мен мемлекеттік биліктің жөн-жосығын жасап, бағзы бабалардың байрақты бірлігінің бастауында тұрған тұғырлы тұлғаның дала данышпаны, жорықшы жырау Білге Тоныкөк екені белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда, біздің жазба әдебиетіміздің негізін қалаушы да алып абыз бабамыз болып шығады. Білге Тоныкөктің бәдіздеп тасқа қашап қалдырған мәңгілік ескерткішінің 1300 жылдығын Халықаралық Түркі академиясының бастамашылдығымен, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Моңғолия мемлекеттерінің ортақ ұсынысымен 2020 жылы ЮНЕСКО аясында атап өтуге ресми шешімнің қабылдануы – тамырлас жұрттың мерейі ғана емес, әлемдік мәдениеттегі елеулі жаңалыққа айналып отыр.
Экономика • 30 Қаңтар, 2020
Құрылыстағы кілтипан – қазақстандық үлестің аздығы
Статистика комитетінің мәліметі бойынша экономиканың негізгі салалары арасында құрылыс саласының дамуы басым сипатқа ие болып отыр. Мәселен, былтыр 2018 жылмен салыстырғанда ауыл, орман және балық шаруашылығы – 100,9 пайыз, өнеркәсіп – 103,8 пайыз, көлік – 105,1 пайыз, байланыс – 105,2 пайыз, сауда – 107,6 пайыз даму көрсеткішін көрсеткенде, құрылыс саласының даму деңгейі 112,9 пайыз болды. Бұл құрылыс саласының 2019 жылы бәрінен де жоғары қарқынмен дамығанын көрсетеді.
Экономика • 30 Қаңтар, 2020
«Egemen Qazaqstan» газетінде таяуда әріптесіміз Сұңғат Әліпбайдың «Мал экспортына неге тыйым салынды?» атты мақаласы жарияланып, онда Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортына толық тыйым салғаны туралы мәлімдеме жасағаны айтылған болатын. Қазақстанның экономикалық саясаты экспортты арттыру керек деген талапты үнемі алға ұстап отырғанда, бұл алғашында ағысқа қарсы жүзген шешім болып көрінуі мүмкін.
Спорт • 30 Қаңтар, 2020
3-5 ақпан аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында таэквондодан халықаралық турнир өтеді. Онда Қазақстанның намысын 11 спортшы қорғайды.
Теннис • 30 Қаңтар, 2020
Бұл күндері Германияның Магдебург қаласында үстел теннисінен ITTF World Tour Platinum – German Open халықаралық турнирі өтіп жатыр. Аталған сынға Қазақстан атынан Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова қатысуда, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.