Еңбек • 16 Қаңтар, 2024
Орманшы – түз тағысының қамқоры
«Ертіс орманы» резерватындағы жалқарағай ормандарында тұяқты жануарлар үшін арнайы азық орындары ұйымдастырылып жатыр. Аңшылықтанушы мамандар мен инспекторлар күн сайын оттықтарға бұтақ бумаларын іліп, жемшөп шашады. Жабайы жануарлар ыдыстағы тұзды жалап, жасанды су қоймаларынан мейірлері қанғанша су ішеді.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Атырау облысында 7-10 қаңтар аралығында қар құрсауында қалған 15 жағдай орын алды. Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары қиындыққа тап болғандардың бәрін құтқарды.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2024
Айналдырған 14 жылы аялдаманы аялап ұстау қарағандылықтарға қиынға түсіп тұр. Жылы аялдаманың көбінде жылу жоқ. Арқаның сарышұнақ аязы ай басынан бері қарағандылықтарды әлекке салды.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Қазір қыстың ортасы, қақаған аяз. Дегенмен Батыс Қазақстан облысы көктемгі су тасқынының алдын алу қамына кірісіп кетті.
Мирас • 16 Қаңтар, 2024
Жас өскіннің ақыл-ойын дамытуда, қоғам адындағы жауапкершілігі мен сенімділігін қалыптастырып, табандылығын арттыруда тоғызқұмалақ ойнаудың орны ерекше. Бүгінде тоғызқұмалақ ойнынан түрлі жарыс ұйымдастыру дәстүрге айналған. Қанатын кеңге жайған ұлттық ойынға Алматы облысының спортшылары да айрықша мән беріп, тартысты бәсекеде бақ сынаушылардың қатары жылдан-жылға артып келеді. Осы себепті, биыл өңірдің алыс-жақын елді мекендерінен қатысқан әуесқой ойыншылар арасында тұңғыш облыстық чемпионат өтті.