Оқиға • 22 Қаңтар, 2021
Әкімдіктерде бетбұрыс бар (Ол – министрліктерге өнеге)
Adaldyq alany жалпы республикалық жобасы аясында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған алғашқы Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізіп, мемлекеттік органдардың жұртшылықтың ұсыныстары мен пікірлеріне, түрлі сын мен шағымға құлақ асып, олардың тиімді жолдармен шешілуін қадағалап отыруды тапсырған болатын.
Саясат • 22 Қаңтар, 2021
Бәрін бүлдіретін – «бейресми жол»
Болашағымыз бұлыңғыр болмас үшін алдағы даму жылдарында алдын алуды қажет ететін бірқатар олқы тұсымыз бар екенін жасырмай айтып жүрміз. Басқасы басқа, ел экономикасын елеулі шығынға батырып, халықтың сеніміне секем мен селкеу түсіріп келе жатқан сыбайлас жемқорлықтан арылғанымыз шамалы. Адалдықтың ала жібінен аттағандардың қай-қайсысы болсын әлі жетсе жымқырып, сәті түссе қымқырып қалғылары келеді.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Қарағанды облысының барлық аумағында 23 қаңтардан бастап карантиндік шектеулер күшейтілетін болды. Бұл туралы кеншілер қаласында өткен брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин мәлімдеді.
Коронавирус • 22 Қаңтар, 2021
Вакциналау пандемияны ауыздықтай ала ма?
Елімізде ақпанның алғашқы күнінен коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакциналау басталатыны белгілі. Қоғам бұл жайтты әртүрлі қабылдап жатыр. Екпеден кейін індеттен келетін қауіп шынымен сейіле ме, әлде жағдай басқаша өрбуі мүмкін бе деген сауал көпшілікті елең-алаңға түсіргені анық. Осыған қатысты пікір білдірген С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының маманы Ләззат Умешова вакциналау ауру апанынан шығудың төте жолы деп есептейді.